Облыс әкімі қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі жедел орындауды тапсырды

Облыс әкімі қалпына келтіру жұмыстарын сапалы әрі жедел орындауды тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапарымен келіп, төтенше жағдайдан кейін қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.

Аймақ басшысы алдымен жылу көзі болып табылатын «Игілік» орталықтандырылған қазандығында болып, қызметімен танысты. Қазіргі таңда қазандық штаттық режимде жұмыс істеп, қаланы жылумен қамтамасыз етуде. Отын көлемі жеткілікті.

Бұдан соң облыс әкімі қатты желден шатыры ұшқан көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көрді. Мұндай үйлердің саны 11-ге жеткен.

Келесі кезекте аймақ басшысы “Корзинка” ірі дүкеніне бас сұғып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мен қорының жеткілікті екендігін тексерді. Дүкенде тиісті азық-түлік қоры қалыптасқан. Нұржан Нұржігітов нан мен су тапшылығын болдырмауға айрықша басымдық беру керектігін ескертті.

Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапары барысында жедел штаб отырысын өткізді.

Басқосуда аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қалыптасып отырған ахуал бойынша баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазіргі кезде ауыз су беру мәселесін жедел шешу бойынша шаралар қабылдануда.

Нұржан Нұржігітов зардап шеккен нысандарды, құлаған электр бағаналарын қалыпқа келтіру шараларын жүрдім-бардымға салмай, жедел әрі сапалы орындауды тапсырды.

- Ең бастысы халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің  жұмысы тұрақты әрі үздіксіз жүзеге асуы тиіс. Азық-түлік тапшылығының орын алмауы маңызды. Ал, қалпына келтіру жұмыстары 7-10 күннің ішінде аяқталуы керек. Барлық нысанда жұмыстар бір мезгілде басталып, құжаттама жұмыстары қатар атқарылуы қажет. Қаланың тазалығы да басты назарда болуы тиіс,-деді аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімдігі
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 143
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 143
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 506
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 463

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9161
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8559
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11786
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9554
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10767