ОБЛЫС ӘКІМІ СУ КАНАЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН СЫНҒА АЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ СУ КАНАЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН СЫНҒА АЛДЫ
Жамбыл облысың әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте  вегетациялық кезеңге дайындық, «Қазсушар» РМК облыстық филиалымен атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды.
Бүгінгі күнге Жамбыл облысындағы республикалық меншіктегі су қоймалардың жиналған судың орташа көлемі 90 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, Қырғызстан тарапымен вегетациялық кезеңіне алдын ала Киров су қоймасынан 520 млн. текше метр, Шу өзені бойынша 222 млн. текше метр су алуға келісім алынды, су алу кестесі алдағы «Шу-Талас» комисия отырысында бекітілмек. Су пайдаланушылармен 492,5 млн. текше метр үшін 1488 келісім шарт қол қойылған, ағымдағы жылдың вегетация кезеніне 750 млн. текше метрге,107,5 мың гектарға су беру жоспарлануда. Бұл туралы басқосуда «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Ерлан Өтегенов баяндады. Оның айтуынша, каналдар арқылы су беру басталған. Сонымен қатар, 24 сәуірден бастап Киров су қоймасынан секундына 13 текше метр су жіберу қолға алынбақ. Облыс әкімі су каналдарын реттеу және жөндеу жұмыстары бойынша мәселелерді сынға алды.
- Вегетациялық кезеңде шаруаларға ешқандай кедергісіз қажетті су мөлшері жеткізілуі тиіс. Сіздер айтып отырған түрлі сылтаулар қабылданбайды. Бұл бойынша бұған дейін оншақты рет жиналыс өтіп, нақты тапсырмалар берілген болатын. Тапсырмалардың орындалуы ойдағыдай емес.
Ертең шаруалар мәселенің шешілуін әкімдіктерден сұрайды. Алайда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Қалған шаруаларды өңірдегі «Қазсушар» мекемесі бақылауға алып, уақытылы орындауы тиіс болатын.
Біз шаруаларға қағазбастылық, құжатқа қатысты мәселелерді айтып, ақтала алмаймыз. Оларға нақты нәтиже керек. Осы тұрғыда жұмысқа деген көзқарасты өзгерту керектігін үнемі айтып келемін. Жауаптылар су каналдарын күнара аралап, жұмыстардың басы-қасында жүруі тиіс. Қажет болса, күні-түні жұмыс істеңіздер. Тек су беруде мәселе туындамауы қажет,-деді Нұржан Нұржігітов. Аймақ басшысы, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының жұмысына қатысты арыз-шағымдарға, берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуына саралау жүргізу керектігін тапсырды.
Жиында өзге де тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
Жамбыл облысы әкімдігі
22.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678