Облыс әкімі су каналдарының жөндеу жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі су каналдарының жөндеу жұмыстарымен танысты

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ және Жамбыл аудандарындағы су каналдарының жөндеу жұмыстарымен, вегетациялық кезеңге дайындығымен танысты. Аймақ басшысы алдымен Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округінің кіреберісіндегі Өтеміс, Сеңкібай каналдарына барды.

Ұзындығы 21 шақырымнан асатын Сеңкібай каналы арқылы 4 мың гектардан астам аумақ суғарылады. Ал, ұзындығы 29 шақырымға жуық Өтеміс каналы арқылы 8 мың гектарға жуық алқап ылғалдандырылады.

Сондай-ақ, аудандағы 19 шақырымдық Белхожа, 3,4 шақырымдық Медеу, 8,77 шақырымдық Свекловичная каналдарының жөндеу жұмыстарының барысы да назарға алынды. Облыс әкімі каналдарды реттеу, қалған бөліктерін жөндеу жұмыстарын сапалы әрі жеделдетіп аяқтауды тапсырды. Жамбыл су қоймаларының басшысы Нарбай Ергебековке 1 сәуірден бастап ауданға су беру керектігін жеткізді. Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы мен шаруалар арасында су жеткізу бойынша өзара келісімнің болуы маңызды екенін атап өтті. Егер де, «Қазсушар» РМК су жеткізу бойынша қиындықтарды алдын ала ескеріп, келісімге тұрмаса, онда шаруалар өз алқабына ылғалды аса қажет етпейтін дақыл түрлерін еккені жөн. Аймақ басшысы бұл келісімнің вегетациялық кезеңде екі тарап арасында түсінбеушілік туындамас үшін қажеттігін жеткізді. Бұдан соң облыс әкімі  Жамбыл ауданындағы Қуат, Қошан, Жамбыл, Мейірман, Раис каналдарының жөндеу жұмыстары мен Сұлукөл су қоймайсының жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытын және су қоймасының толтырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Жамбыл облысының әкімдігі
26.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11729
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711