Облыс әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, олардың ой-ұсыныстарын тыңдады.

Тағылымды басқосуда аймақ басшысы 2022 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері ойдағыдай қалыптасқанын атап өтіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға қысқаша тоқталды.

- Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сындарлы әрі елеулі оқиғаларға, тарихи шешімдерге толы болды. Жалпы ұлттық референдум, Президент сайлауларында маңызды таңдау жасап, ел болашағын бағдарлай білдік.

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде – ел дамуының жаңа кезеңіне нық қадам басқан, болашағына үлкен сенім артқан мемлекетке айналды. Ортақ мақсатқа жету жолында облысымыздың тұрғындары да лайықты үлес қосуда. Бүгінде Жамбыл облысы қарқынды дамуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысымен экономикалық өсім 105,7 пайызды құрап, барлық көрсеткіштер республикалық орташа деңгейден жоғары қалыптасып отыр.

Жамбыл облысының 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспарының жобасы әзірленіп, онда барлық сала, өңірдегі барлық елді мекен қамтылды.

Бұған дейін қолға алынған облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жөніндегі пилоттық жоба жемісті жалғасып, тағы 10 ауылдық округте жеңілдетілген несиемен қамту шаралары басталды. Жалпы, 2023 жылы жобаға тағы 22 ауылдық округ, ал 2025 жылға дейін облыстағы барлық ауылдық округтер енеді деп көзделуде.

Сондай-ақ, облыс орталығы – Тараз қаласындағы көптеген қордаланған мәселелерді шешуге айрықша басымдық берілуде. Бұл бағытқа келер жылы облыстық бюджеттен 7 миллиардқа жуық қаржы қаралуда. Қоғамдық көліктерді жаңарту, ирригациялық және жылу жүйелерін реттеу секілді басқа да маңызды мәселелер назарға алынып отыр,-деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі аймақтағы мәдени, рухани тыныс-тіршілікке де айрықша тоқталып, алдағы жылы шалғай елді мекендердің басым көпшілігінде мәдениет нысандары бой көтеретінін де жеткізді.

Мұнан соң Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері сөз тізгіндеп, көкейкесті мәселелерін, ойларын ортаға салды. Белгілі жазушы Пернебай Дүйсенбин халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Елен Әлімжан «Шах Махмұт» атты драмасын жазғанын, ол шығарма бүгінде біз Әулиеата деп жүрген Шах Махмұт Қарахан екенін айта келе, осындай салмақты дүниенің өскелең ұрпаққа жетуі үшін театрлық қойылымға сұранып тұрғанын жеткізді.

Облыс басшысы жауаптыларға аталған туындыны театр репертуарына енгізуді тапсырды.

Ал белгілі қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлы биылғы «Балалар жылы» қарсаңында көзі тірі немесе дүниеден өтіп кеткен жергілікті ақын, жазушылардың балаларға арнап жазған әңгімелерін, повестерін, ертегілерін, өлең кітаптарын жарыққа шығаруды қолға алып жүргенін, соған қолдау қажеттілігін атап өтті.

Ақын Шырын Мамасерікова қатары азайып бара жатқан қаламгерлермен жүздесіп, ұсыныстарына құлақ түрген облыс басшысына алғысын айтты. Ал Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы филиал төрағасы, ақын Хамит Есаманов биылғы жылы жергілікті қаламгерлердің жетістіктерін саралай келе, ұсыныстарымен де бөлісті. «Баймаханбет Ахметтің «Жусан туралы жыр», «Доңыз жылы» атты кітаптары қаржы тапшылығына байланысты қолжазба күйінде тұр» деп қолдау қажеттілігі бар бірқатар мәселелерді де ортаға салды.

Басқосу барысында  балалар әдебиетінің классигі атанған, Кеңес одағы кезінде де, еліміз егемендік алған кезде де «Балалар жазушыларының антологиясына» енген КСРО жазушылар одағының мүшесі Совет Әлімқұловтың келесі жылы болатын 85 жылдығына орай бүлдіршіндерге арналған кітабын шығару мәселесі де айтылды.

Жалпы жүздесуде жергілікті қаламгерлер қауымы айтқан барлық ұсыныстар облыс әкімі тарапынан қолдау тапты. Нұржан Нұржігітов жергілікті ақын, жазушылардың кітабын шығаруға да тікелей қолдау білдіретінін жеткізіп, аталған мәселе бойынша жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді. Сол секілді журналистердің қаламақы мәселесі де оң шешілетінін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігі
30.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 133
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 69
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 63
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 48
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 465
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 433
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 457
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 449
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 447
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 464
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 454
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 647

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9689
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9068
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12302
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10073
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11282