Облыстағы спорт нысандары мен нұсқаушыларының жұмысын талдау керек.

Облыстағы спорт нысандары мен нұсқаушыларының жұмысын талдау керек.

Бұл туралы бүгін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктедім. Жиында дене шынықтыру және спорт басқармасының есебі, жетістіктер мен өзекті мәселелерін талқыладық.

Бүгінгі таңда облыста 67 спорт мекемесі жұмыс атқаруда.

Былтыр 629 спортшымыз түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 405,6 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 35,4 пайызына жетсе, ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша 417,3 мың адамға немесе 36,3 пайызды құраған. 2025 жылға дейін аталған көрсеткішті 50 пайызға жеткізу жоспарлануда.

 

Қазіргі таңда облыс бойынша спорт нұсқаушыларының штаттық бірліктері енгізіліп, олардың қатары 233-ке жеткен. Оның ішінде 202 спорт нұсқаушысы аудандарда жұмыс атқарады.

Осы орайда басқарма тарапынан спорт нысандары мен нұсқаушыларының жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін жан-жақты зерделеу, талдау керек. Нұсқаушылары ауылдық жердегі спорттық нысандарды қаншалықты тиімді пайдалануда, спортқа бейім тұрғындармен қай деңгейде жұмыс жүргізіп отыр?

 

Ең алдымен кадрлардың кәсібилігін арттыру, сол арқылы сапалы қызметті қамтамасыз ету маңызды.

Мектептердің спорт залдары да келушілер үшін әрдайым ашық болуы тиіс. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың көрсеткішін нақты көтеру бойынша үйлесімді әрі жүйелі шаралар қажет.

Әлем және Олимпиада чемпиондарын даярлап шығару - басты талаптардың бірі.

Нұржан Нұржігітовтің ФБ парақшасынан
13.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5172
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5335
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20298
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18936
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22397