Облыстық мәслихат төрағасы ауданда болды

Облыстық мәслихат төрағасы ауданда болды

Сарысу ауданында жұмыс сапарымен облыстық мәслихат төрағасы Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы болды.
Абдалы Тоқбергенұлын аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Үмбетұлы қарсы алып, аудан жұмысымен таныстырды.Сапарды аудандарда орналасқан канал мен тоғандардың жай-күйін зерделеумен бастап, аудандағы егін шаруашылығын қолға алып, диқандардың егістігіне су молынан жетіп, мал азығын мол жинау үшін жағдайды оңтайлы шешу жолдары айтылды.

Одан ары сапар Тоғызкент ауылдық округінде жалғасып, спорт мектебін аралап, ауылдағы балалар саны мен спорттық секциялардың көптігін ескере келе, спорт мектебіне күрделі жөндеу немесе үлкен спорт кешенін салу қажеттігі айтылды. Сонымен бірге, Саудакент ауылындағы үш қабатты аурухананы аралап, 300 адамға арналған ауруханада 60-қа жуық қана емделушілердің келуіне байланысты, тұрғындарға қажетті сауықтыру орталықтарын ашу керектігін айтты. Ауруханың бас дәрігері Бағлан Жарылқасынұлы бұл мәселе бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті. Саудакент ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысты. Сапар барысында көтерілген мәселерді толық зерделеп, алдағы уақытта жүзеге асыру үшін тиімді тұстарын қолдайтынын жеткізді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5151
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5311
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20275
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18914
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22373