Ойрандалған отбасылар

Ойрандалған отбасылар

Із-түзсіз жоғалып кетті

Жарас пен Рауғаш бір-бірін сүйіп қосылған жақсы отбасы еді. 3 баласы  дүниеге келіп, ешкімнен кем қылмай өсіріп, жұмыстарын істеп жүрді. Жарас  қолынан келмейтіні жоқ құрылыс шебері еді. 

Көптеген тапсырыстар алып, жақсы табыс тапты. Мінезі ақкөңіл болғандықтан, осыны айналасындағы достары, таныстары пайдалана бастады. «Ананы істеп берші, мынаны істеп берші» деп, еңбекақысының орнына бір бөтелке арақ беретін. Дастарқан жасап, бірге ішіп, алдап-сулап  көңілдендіріп үйіне жіберетін. Бәрі осыдан басталды. Бірте-бірте Жарас өзінің араққа үйір болып бара жатқанын байқамады. Ішіп келіп, жары Рауғашқа тиісетін, балаларына айқайлап ұрсып, үйдің берекесін кетіретін. Жұмысынан да маза кетті. Мас болып қалып басы ауырып,  кешігуді, біртіндеп бармай қалуды шығарды. Үйге бастықтары ренжіп іздеп келетін. Сөйтіп жүріп жұмыстан қуылды. Бөтелкелес достарымен жиі бас қосып, көшеде құлап ұйықтап қалатын әдет тапты. Рауғаштың қабағын мұң басты, қатты қайғырды. Талай рет оны сүйрелеп үйге әкелген кездері болды. Туғандарының да мазасын алып, араққа ақша сұрайтын. Бұны көрсе таныстарының бәрі теріс айналып қашатын болды. Бауырлары оны емдетпек болып талай жерге апарды. Еш нәтиже жоқ. Өйткені Жарас «мен ішкіш емеспін» деп ешнәрсеге сенбейтін. Намазды да бастап көріп, оны да тастады. Ерік-жігері жетпеді. Әр істің басын бір шалып жұмыс істеп жүрді. Бірде жұмысқа барам деп кеткеннен үйіне қайтып оралмады. Туған-туыс, отбасы қаншама сабылып іздегенмен табылмады. 2014 жылы кеткен адам, міне, 10 жыл болды, әлі жоқ! Өлі ме, тірі ме, ешкім білмейді. Әкесі қайғыдан төсек тартып ауырып қалды.  Баласының жолына қарай-қарай көп ұзамай ол кісі де өмірден өтті. Осыдан-ақ қу арақтың бір отбасына тигізген кесірін біле беруге болады.                  

Мәйітін «Белгісіздер зиратынан» тапты

Әділ мен Сәуле бір топта оқып, студенттік кездің қызықты шақтарын бірге бөлісті. Әділ сауық кештерде  домбыра, гитарада ойнап, ән айтатын өнерпаз сері жігіт болды. Оқуларын бітірген соң Әділді армияға алып кетті. Ол кетерінде Сәулеге көңілін білдіріп, ұнататынын айтты. Екеуі хат жазысып тұрды. Әділ сүйген қызына әдемі өлең жолдарын арнайтын. Армиядан келген соң  Сәулеге құда түсіп, екеуі бас қосты. Тойдан кейін екеуі Семей қаласының облыс орталығындағы банкке қаржы маманы болып қызметке тұрды. 2 балалы болып, өз күштерімен үй, көлік алып, бақуатты өмір сүрді.  Бірақ ақшаның буы адамды құртады  ғой, қолына уыс-уыс ақша ұстап жүрген Әділдің мінез-құлқы өзгере бастады. Достарымен қайда барам, не ішем, не жеймін демеді. Ревизор болып жүргенінде ащы судан тартып, көңілді отырыстары көбейе бастады. Ол өзінің  біртіндеп батпаққа батып бара жатқанын сезбеді. «Қойсаңшы!» деп өзіне басу айтқан әйелін соққыға жықты. Осыдан кейін оның жиі-жиі қол көтеруі әдетке айналды. Бірде қатты ұрып, қолын сындырды, бет-аузы жиі көгеріп жүретін болды. Енді балаларына қауіп төнді, оларды да шапалақтайтын. Мас болғанда көзі ешнәрсені көрмей кететін. Үйіндегі құнды заттарды базарға апарып сата бастады. Жұмысынан айырылды. Тіпті болмаған соң, қайын жұрты Сәулеге, балаларға кесірі тимесін деп, ажырасуға арыз бергізді. 

Отбасынан айырылғаннан кейін Әділ әр жерде ішіп, домалап жататын қаңғыбасқа айналды. Туғандарының көмегінен еш нәтиже болмады. Анасы жылай-жылай қартайып кетті. Біраз жылдар Әділ жоқ болып кетті.  Ақыры бәрі  іздеп жүріп, сүйегін тапты. «Белгісіздер зиратына» жерленіпті.

Өз анасын соққыға жыққан жігіт

Есбол ес білгелі анасы арақ, сыра ішумен келеді. Демалыс күндері туған күн деп  құрбыларымен бірге қыдырып, отырыстардн. ан масайып келеті

Ал ұстаз  болып істейтін әкесі ішімдік ішпейтін, темекі тартпайтын, спортпен шұғылданатын нағыз  үлгілі әке болды. Ақылын айтып, жұбайын қанша тәрбиелеуге тырысты. Ақыры арағын қоймаған соң, әкесі  анасымен ұрсысып үйден кетіп тынды. Есболға бұл ауыр тиді. Қазір оның өз отбасы, балалары бар. Есбол да оқушы кезінде анасынан көргенін істеп жасырын сыра, қызыл шарап  іше бастады. Сабақты да дұрыс оқып жарытпады. Түсірген колледжін тастап кетті. Армияға барып келген соң үйленем деді. Әке-шешесі жабылып тойын жасап берді. Бірақ арақтың кесірінен келінмен ажырасты. Кішкентай қызы тірі жетім қалды. Оған өкініп, әкелік қамқорлығын жасап жатқан Есбол жоқ. Арақ ішуін тоқтатпады. Кейін тағы да Алма есімді қызға үйленді. 3 балалы болды.  Екеуі бірігіп ішетінді шығарды. Жиі жанжалдасатын олар ақыры ажырасып тынды. Енді қазір Есбол анасымен тұрады. Кейде екеуі бірге ішіп алса  ұрсысып қалады. Ондай кезде Есбол күші тасып, кәрі шешесін бас-көз демей тепкілеп сабап  тастайды. Анасы кезінде ұлына дұрыс тәрбие бермей, араққа үйір болғанына өзін кінәлап, өкінумен күнін өткізіп жатыр. Енді өкінгенмен не пайда, әр нәрсенің сұрауы бар емес пе?!

 

 

               

Шаргүл Қасымханқызы
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 18
СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНДЫ
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 11
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 8
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 12
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 13
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 18
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545