Жуалы ауданының 95 жыл мерей тойына орай ақын, Ілгербаева Жеңіскүл Сейітқұлқызының «Өлеңім – менің өмірім» атты жаңа кітаптың тұсау кесері өтті.
Шараға аудан әкімі Мұртаза Жалғас, ақын жазушы, ҚР ғылымдар Академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ұлт қайраткері» академиялық марапат иесі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Дүйсебаев С, Еңбек ардагері Ергебеков Ә , аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмашев С, мәдениет саласының ардагері Қанаева Б түрлі сала қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
- Құрметті, Жеңіскүл Сейітқұлқызы!
Сізді ең алдымен мерейлі жасыңызбен және шығармашылық кешіңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілеймін! Ұзақ жыл асыл сөзбен қазақ руханиятына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан мерзімді басылымдарда жыр шумақтарыңыз жарық көрді.
Қазақ əдебиетінің дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіріп, құттықтаймын! Өзіңізге зор денсаулық, шығармашылық табыс жəне əулетіңізге құт-береке тілеймін – деп аудан әкімі сый сыяпатын табыстады.
Осыдан кейін «Жүрек сыры», «90 жасқа 90 жыр» кітаптарының лентасын қию рәсімін кешіміздің құрметті қонақтары Сәбит Райсұлы, Әбілқасым Ергебекұлы, Сейтқан Шералханұлы, Бақыткүл Садықбекқызы қызыл лентасын кесті. Жаңа кітапың тұсауы кесіліп оқырманға жол тарты.
Жыр кеші Жеңіскүл апайымыздың өлеңдері оқылып, халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.