Өлім-жітім азайды

Өлім-жітім азайды

«Көпсалалы қалалық ауруханаға заманауи компьютерлік томограф орнатылды. Жаңа құрылғының мүмкіндіктері кең, сапалы суреттер жасайды.Енді науқас дәл диагноз бен  сапалы  емдеу қабылдай  алады. Сондай-ақ, Көпбейінді қалалық ауруханаға  алдағы уақытта жаңа МРТ аппараты сатып алынады.Жыл соңына дейін балалар облыстық ауруханасына да заманауи МРТ аппаратын орнатамыз», – деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Тұтастай алғанда облыстың емдеу мекемелеріндегі  КТ саны  5 жыл ішінде  екі есе артты. Тиісінше, КТ тексерулерімен халықты қамту 2,5 есе өсті. Егер 2017 жылы КТ-ға 12,5 мың тексеру, өткен жылы 30 мың тексеру жүргізілді.

Жоғары дәлдіктегі жабдықтың болуы өз нәтижелерін береді. Облыс бойынша туберкулезбен ауыру 2 есеге, онкологиядан өлім-жітім 24% - ға төмендеді. Әйелдерде  онкология ерте  кезеңде анықталады. Ең бастысы – адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау. Қызылжар өңірінде бұл басты құндылыққа ерекше назар аударылады.

 

Ермек Сахариев
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 374
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 376

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20686
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20477
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35579
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34136
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38004