Оңалту орталығы науқастарға үміт сыйлады

Оңалту орталығы науқастарға үміт сыйлады

Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адамнан қатерлі ісік дерті анықталады екен. «Аты жаман ауру» тек біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде дабыл қағарлық деңгейде. Жер бетінде жыл сайын 9 миллионнан астам адам осы аурудың салдарынан көз жұмады екен. Қорқынышты цифр. Онкологтардың айтуынша, қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтап, ем жүргізсе, науқасты емдеп-жазуға болады. Осы ретте елімізде аталған салада медициналық мекемелер ашылып, жабдықтар жаңартылып жатыр. 

Ақтөбеде онкологиялық науқастарға арналған 20 кереуеттік оңалту бөлімшесі ашылды. Бөлімше Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің медициналық орталығында орналасқан. Аталған университет ректоры Әсет Қалиевтің айтуынша, оңалту бөлімшесінің ашылуына «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік көрсеткен. Бұл ретте аталған қор 250 миллион теңге қаржы бөлген. 

— Онкологиялық оңалту бөлімшесінің негізгі мақсаты — науқастың физикалық, психологиялық, эмоционалдық жағдайын және әлеуметтік өмір сүру сапасын арттыру. Шын мәнінде, күрделі операция, химиотерапия курстарынан кейін науқас шаршап, әлсіреп қалады, иммундық жүйесі әлсірейді. Сондықтан науқасқа емдеуден кейін және операциядан соң екі-үш айдың ішінде оңалту шаралары керек. Бұған дейін біздің Ақтөбеде онкологиялық оңалту жүргізетін бөлімше болған жоқ. Бүгінде облыс бойынша қатерлі ісік диагнозымен 8 мыңнан астам адам есепте тұр. Сол себепті былтыр«Samruk-Kazyna Trust» қорына ұсыныспен шыққанбыз. Бірнеше рет комиссияда қаралып, қолдады. Қордың демеушілігімен бірқатар қажетті жабдық сатып алынды. Бөлімшеде жұмыс істейтін екі онкореабилитолог маман Ресейде оқып келді, — дейді Әсет Қалиев.

Жаңа бөлімше жайлы керуеттермен, қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Барлық жабдық науқастың жағдайын оңалтуға арналған. Гидравликалық лифтісі бар «МЕДСИМ» кешені операция алдындағы кезеңнен бастап мазасыздық пен депрессиялық жағдайды жеңілдету үшін және операциядан кейінгі кезеңде ісіктерді жою және орталық нерв жүйесі мен омыртқадағы химиотерапияның салдарын болдырмау үшін қолданылады. АлHuber 360 MD жүйке-бұлшықет диагностикасы және оңалту аппараты — ми мен омыртқа ісіктерін хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін тірек-қимыл аппаратының ауырсынуын емдеуге арналған инвазивті емес жаңа құрал. Іштің, жамбас және несеп-жыныс жүйесінің ісіктерін алып тастағаннан кейін жамбас қабатының жүйке-бұлшықет аппаратын және жамбас мүшелерін магниттік ынталандыруға арналған «Авантрон» аппараты және басқа да көптеген жабдықтар бар. Бұл жабдықтармен жұмыс істейтін дәрігер мамандар арнайы оқу курстарынан өткен. 

Әсет Қалиев соңғы жылдары жаман ауруға шалдыққан науқастар қатары көбейіп бара жатқанын айтады. Әсіресе, сүт безі, өкпе және асқазан қатерлі ісіктері алдыңғы орындарда тұр. 

— Өкінішке қарай, жыл сайын осындай онкологиялық аурулардан екі жүзге жуық науқас көз жұмады. Негізі, қатерлі ісік бастапқы сатыда ерте анықталса, ем нәтижелі болады, — дейді Әсет Қалиев.

Жаңа бөлімшенің ашылуы Ақтөбе облысы үшін ғана емес, еліміздің батыс өңірі үшін үлкен жаңалық болып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа бөлімше ауыр дертке шалдыққан науқастарға үміт сыйлайды. 

Оңалту орталығының ашылу салтанатына Марат Оспанов атындағы БҚМУ басқарма төрағасы-ректор Әсет Қалиев, «Samruk-Kazyna» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау құрылымдарының басшылары, медицина қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

Астанада өткен «Samruk-Kazyna Trust» қорының 2023 жылы атқарған жұмысына есеп беру іс-шарасында телекөпір арқылы сөз сөйлеген басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жаңа оңалту бөлімшесінің жұмысын бастауға рұқсатын беріп, ұжымға сәттілік тіледі.

М. ТАБЫН
07.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541