Оңдасын Оразалин: Біздің негізгі міндетіміз – сайлауалды уәделерді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау

Оңдасын Оразалин: Біздің негізгі міндетіміз  –  сайлауалды уәделерді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен партияның аймақтық филиалының Саяси кеңес Бюросы отырысында талқыланды. Жиында жыл басынан бері 33 нысан ашылып, елдің әлеуетін көтеруге мүмкіндік жасалғаны айтылды.

 

Отырысқа Саяси кеңес Бюросының және өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық департамент, басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов пен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  басшысы Гүлқасима Сүйінтаеваның баяндамасы тыңдалды. 

Жалпы Ақтөбе облысында Жол картасы аясында жыл басынан бері 488,1 мың ш. м. тұрғын үй салынып, 26 427 жаңа жұмыс орны құрылған. Бағдарламаға сәйкес, өңірде 33 нысан ашылды. Оның ішінде 3 мектеп, 4 балабақша 3 спорт нысаны, медициналық пункт пен амбулатория, ауылдық клуб бар. Сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру зауыты, сүт өндіру фермасы және сүт өнімдерін өндіру цехы, мал бордақылау алаңдары, көкөніс сақтау қоймасы мен жылыжай іске қосылды. Тек Қандыағаш қаласының өзінде бірнеше нысан - гемодиализ орталығы, жиһаз цехы, сұйық сабын өндіру цехы, құрылыс дүкені, дәріхана салынып, пайдалануға берілді. Бүгінге күнге дейін Жол карталарының 443 көрсеткіші жүзеге асқан. 

-Жол карталарының орындалуына Сайлауалды бағдарламаларды жүзеге асыру аясында  құрылған Қоғамдық кеңестер өз септігін тигізуде.  Кеңес мүшелерінің барлығы Жол картасын іске асыруды ұйымдастыруға тартылып, жұмыстарын сапалы атқарып келеді. Қазіргі таңда өңірлік кеңестердің 37 отырысы және аумақтық кеңестердің 288 отырысы өтіп, мемлекеттік мекемелерге 526 ұсыныс берілді. Фракция және кеңес мүшелері аудандарға шығып,  "Жол картасы" аясындағы нысандарға мониторинг жүргізуде. Халыққа берген уәдемізді сапалы іске асыру қатаң партиялық бақылауда, - деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов.

Сайлауалды бағдарламадағы жұмыстар өте ауқымды болғандықтан қиындықтар мен мәселелер де кездесуде. Жиында бұл туралы ашық айтылды. Партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда кемшіліктерге жол берген Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Айбек Қайырға, Ақтөбе облысының ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сарсембайға, Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаровқа партиялық сөгіс жарияланды. Облыс әкімі енді осындай қателіктерге жол берген мемлекеттік қызметшілерге қатаң тәртіптік жаза қолданылатынын ескертті. 

-Партияның бас жоспары халыққа қажетті нақты жобалардан құралған. Сондықтан да біз индикаторларды уақытында сапалы орындау арқылы елдің әлеуетін көтеруге, әрбір тұрғынның өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының жақсаруына жұмыстануымыз қажет. Біздің негізгі міндетіміз  –  сайлауалды уәделерді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау,  –деді Оңдасын Оразалин.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі барлық аудан, қала әкімдері мен басшыларға бұл іске жауапкершілікпен қарауды  қатаң тапсырды.

06.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 39
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 78
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 63
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 32
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 69
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 78
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 69
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 67
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 74
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 64
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 71
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 69
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 291

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9303
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8697
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11925
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9699
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10907