Оңдасын Оразалин түнгі қаланы аралады

Оңдасын Оразалин түнгі қаланы аралады

24 қаңтар, дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбені көркейту жұмыстарының барысымен танысты.

Облыс басшысы өңірдегі биік нысандардың бірі - телемұнараны қарап шықты. Қазіргі таңда 180 метрлік нысанды иллюминациялық безендіру жұмыстары жалғасуда.

"Монтаждау жұмыстарын былтыр бітірдік. Қазір түстердің үйлесімін таңдап жатырмыз, түстер өзгеріп отыратын болады. Апта соңына аяқтаймыз",- дейді "КМК Строй" ЖШС мердігер мекемесінің өкілі Ұлан Қозбақов.

Кейін облыс әкімі Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабының 1-ші шағын ауданындағы шағын бақтың құрылыс барысымен танысты. Шағын бақтың жалпы аумағы - 24 мың м2. Қырлы кеспе тастар төселіп, суару жүйесі, жарық шамдар, орындықтар, әткеншектер және т.б. қондырылды. Жылу келісімен көгалдандыру жұмыстары басталады.

Оңдасын Оразалин қала басшылығына: "Мұнда жасыл желек, талдар көп болсын. Демалатын жаңа орын болды. Нұр-Ақтөбеде сондай-ақ, балалар үйлеріне жақын жерде орналасқан үйірмелер мен секцияларға бара алатындай сауықтыру кешені мен оқушылар сарайын салуды жоспарлау керек",- деп тапсырды.

Айта кетейік, Нұр-Ақтөбенің 4-ші шағын ауданында тағы бір шағын бақ салу жоспарда бар. Шағын бақты салатын орын алынып қойған.

24.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5435
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5589
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20558
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19188
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22648