Оңдасын Оразалин жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Оңдасын Оразалин жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыстары талқыланды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Ақтөбе облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдардамалар басқармасының басшысы Асланбек​ Шүиншалиев халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуы оң нәтиже беріп жатқанын айтты.

Барлығы, 1 қазандағы жағдай бойынша 32,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, оның ішінде 15,6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен осы жылдың қорытындысы бойынша 53​ 477 жұмыссыз бен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды қамту жоспарланып отыр, бүгінде жоспар 87% орындалып, 46​ 558 адам қамтылды. Атап айтқанда, 2 мыңнан аса адам техникалық және кәсіби, соның ішінде қысқа мерзімді оқуға жіберілді. «Бизнес бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін

1498 адам оқып, тағы 1255 адам бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін ​ жалпы сомасы ​ 695,4 млн. теңгеге қайтарымсыз грант алды»,- деді Асланбек​ Шуиншалиев.

Жиын соңында облыс әкімі халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мен жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде, өңір басшысы тұрақты жұмыс орындарын ашуды тапсырды, әсіресе облыс аудандарында.

 

26.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 106
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 119
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 346
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 347
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 578
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 521

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9225
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8622
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11847
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9617
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10830