Онды Ауылы АНАЛАРЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Онды Ауылы АНАЛАРЫНЫҢ ҮНДЕУІ

07.03.2023 жылы Маңғыстау ауданы, Онды ауылында, Онды ауылың әкімшілігі мен мәдениет үйінің директоры Құндыз Бердібекова  ұйымдастыруымен Аналар мерекесіне орай салтанатты жиын болды.

 Онды Ауылы АНАЛАРЫНЫҢ ҮНДЕУІ

Онды ауылының әкімі  Қуаныш Жәнібекұлы  аналарды мерекесімен құттықтап, ауылдың тазалығында қызмет жасап жүрген аналарға алғыс хат тапсырды. 

Салтанатты мерекеге келген барлық аналарға ауыл азаматтары гүл сыйлады. 

Жиында Онды ауылдық аналар кеңесінің төрайымы және төралқа мүшелері сайланды. Аналар төрайымы болып Света Қобыланқызы Зоранова сайланды. 

Кеш аналарға арналған концертке жалғасты. 

Ауыл аналарын құттықтауға Маңғыстау ауданы, аналар кеңесінің төрайымы Түймеш Абдоллаева және Маңғыстау ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанбиби Молдашова  бастаған аналар келді. 

Жиын соңында Онды ауылының аналарының үндеуі қабылданды. 

 

           АРАҚСЫЗ АУЫЛ АТАНАЙЫҚ

             Ақ жаулықты аналардың 

              ҮНДЕУІ

Жер бетінде анадан асқан құдірет, анадан асқан мейірім, анадан асқақ шапағат болуы мүмкін емес. Бәріміз де сол асыл анадан жаралдық. Ана сізді 9 ай 10 күн құрсағында көтерді, ана сізді мына жарық дүниеге адам етіп әкелді, ана сізді түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп емізді, ана сізді осындай дәрежеге жеткізді. Бәріміз де сол анаға мәңгілік қарыздармыз! Ананың ақ дұғасы елге шапқан жауды, әжелеріміздің ақ жаулығы ел ішіндегі алауыздық дауды да тоқтатты. Ананың ақ тілегі: жер бетінде бейбітшілік болғаны, ананың арманы: балаларының бақытты болғаны. Балаларымыз аналардың тілегін қабыл алады деп сенеміз!     

   

  АРАҚСЫЗ АУЫЛ АТАНАЙЫҚ

Ардақты ауылдастар, киелі Маңғыстау халқы, қадірлі қазақ елі сіздерге "Арақсыз ауыл атанайық"  атты үндеуімізді жолдаймыз! Қасиетті қазақ даласында, арақ деген пәле болған емес. Арақ атадан қалған ас емес. Арақты қазақ еліне әкелген кешегі кеңес үкіметі болатын. Олар  Қазақстанның әр облысынан арақ- шарап шығаратын зауыттар салды, бірақ шеге шығаратын зауыт салған емес. Олардың басты мақсаты, қазақ ұлтын арақпен аздырып, ұлт ретінде жер бетінен жойып жіберу болатын. Егемен ел болғанымызға 32 жыл болса да, сол арақтан әлі құтыла алмай келеміз. Еліміздегі қылмыстың 60 пайызы осы арақ ішкеннің кесірінен болады. Сол қарғыс атқыр арақты ішкеннің кесірінен жүздеген мың адам жол апатынан қаза тапты, қаншама мың адам өмірлік мүгедек болып қалды, сол арақтың салдарынан қаншама мың шаңырақ шайқалды, қаншама мың бала тірі жетімге айналды, қаншама мың азамат денсаулығынан, абыройынан айырылды, қаншама мың адам жұмыссыз қалды, қаншама бала "әкешім ішіп келмесе екен, үйге тимесе екен" деп жылап жүр. Болашақ ұрпақтың тағдыры не болмақ?! Біз қалай ел боламыз, қайтсек бұл арақтан құтыламыз? 

Біздің ұсынысымыз: 

Ауылда арақ-шарап сатылмасын! 

Арақ қазақтың қасиетті ақ дастарханына қойылмасын! 

Арақты жасырып сатқан дүкеннен ешкім сауда жасамасын!

Біздің Онды ауылы, әлемнің ғұлама жазушысы атанған Әбіш Кекілбайұлының туған ауылы. Біздің Онды ауылы, Қазақстанның ең үздік 30 ауылы қатарына кірген ауыл. Біздің Онды ауылы, соңғы жылдары бірде-бір қылмыс тіркелмеген үлгілі ауыл. Енді біздің ауыл арақ сатылмайтын, ақ дастарханында арақ-шарап тұрмайтын абыройлы ауыл болсын! Құрметті қазақ елі, 360 әулие мекен еткен қасиетті Маңғыстау халқы біздің үндеуімізді қолдап, барлық жерде бұл бастаманы жалғасырыңыздар! Санаулы адамның саудасы мен пайдасы үшін, көңілге қарауды тоқтатыңдар! Не арақсыз ел боламыз, не араққа жем боламыз!Таңдау өз қолдарыңызда! Аналардың ақ тілегін қабыл алыңдар! Біздің тілегіміз: Әлемде бейбітшілік болсын!  Еліміз аман, халқымыз бай қуатты болсын! Әр шаңырақ шаттыққа толсын! Балаларымыз бақытты, болашағымыз жарқын болсын! 

Маңғыстау ауданы, Онды ауылының ақ жаулықты аналары! 

07.03.2023ж

Жәнібек Қожықтың фб парақшасынан
10.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474