ӨНЕРДІҢ ТӨРЕСІ – ҮЙШІЛІК

ӨНЕРДІҢ ТӨРЕСІ – ҮЙШІЛІК

Киіз үй ежелден көшпелі өмірге ыңғайлы, құрылымы жағынан алып қарағанда көшпелі халықтар арасында жылжымалы үйдің ең жетілдірілген түрі. Ол өзінің сырсымбатымен ерекше болып көрінеді. Киіз үй жайында ХІІІХV ғ.ғ. Марко Поло, Плано Карпини, Руи Гонсалес де Клавихо, Иосафат Барбаро жазып қалдырған. Олардың еңбектеріне қарап, киіз үйдің осы уақытқа дейін сол күйінде сақталғанына көзіміз жетеді. Сондай-ақ, ХVІІІ ғасырдан бастап киіз үй туралы көптеген географ, саяхатшылардың жазбаларында жазылды.

Киіз үйді жасау өнері қазақ халқының арасында ерте заманнан қалыптасқан күрделі құрылыс. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бөлім меңгерушісі Ақлима Жұмашованың айтуынша, қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан Отырар өңірінде ұсталар көп болған. Киіз үй жасайтын үйшілер Надайымбек Сыздықұлы, Ілияс Алшынбаев, Тәжіман Мырзабекұлы секілді ұсталар күні кешеге дейін ортамызда жүрді. – Мәселен Ілияс ата 12 жасынан бастап ата-баба кәсібін халық игілігіне жұмсаған, ел ішінде қадірлі ұста атанып, 60 жылдан аса уақыт киіз үй жасаумен айналысып, сексеннен асқанша өз өнерін жастарға үйретіп өткен. Оның шеберханасында үйшіге қажетті тез, сықаурын, жонғы, шот, балта, қашау, қол ара, үскі, қуыс жоңғы, уық, ырғақ сияқты жабдықтар толып жатыр. Көзі тірісінде Ілияс атамен сұхбаттасып, киіз үй жасау үшін қандай ағаш түрлері және оған қажетті қандай құралдар керек екенін сұрағанымызда былай деп жауап берген еді. Кереге және уық жасау үшін ең жақсысы Сыр бойының сәмбі талы және құба тал, кейде тораңғылдан да жасалады. Тораңғылдың екі түрі болады: біріншісі – құмға шыққан, екіншісі – сазға шыққан тораңғыл. Киіз үйдің ағашын жасау үшін сазға шыққан тораңғылды пайдаланады. Үйшінің айтуы бойынша, киіз үйдің сүйегіне жарайтын ағашты күзде қырқып дайындап, ол ағаш қыс бойы жататын болған, маусым-шілде айларында киіз үйдің сүйегін жасауға пайдаланған. Киіз үйдің кереге, уық сияқты ағаштарын жасау үшін қарапайым қалыппен кепкен ағашты жібітуге арналған мор аталатын пешті тақыр жерге орнатқан. Оның ұзындығы 3,5 м, екі қабырғасының төбесін кірпішпен қалап, сыртын сылаған, бір басынан мойын шығарады. Осы мойынға үй ағаштарын (14-15 дана) ұзыннан-ұзақ сұлата жатқызады да, мордың бір жағынан от жағады, екінші жағынан түтін шығады. Ағаштарды оттың жалынына емес, қызуына балқытады. Себебі, оттың жалынына ағаштар қатты күйіп кетуі мүмкін. Морға үй ағаштарын салып жібіту ісін үйшілер тілінде «мор салу» деп атайды. Киіз үй ағаштары қызғыш түске еніп балқытылғаннан кейін оттан алып, тезге салады. Киіз үйдің ағаштарын жасайтын кереге, уықтың қисық жерін өңдеп отыратын құралды «тез» деп атайды. Тез арқылы қисық ағашты оқтай етіп түзетеді, түзу ағашты иеді. «Қисық ағаш жатпайды тез қасында» деген мақал осыдан қалса керек. Үйшінің айтуынша, тезді тораңғыл немесе жиде ағашынан жасаған.Тездің үстіңгі жағына дәл ортасына ені бір қарыс көлденең кертпек жасалады. Керпектің екі басына қазықшалар орнатады. Ағаштың қисық тұсы осы қазықшалардың бірі мен сықырауын арқылы соғылу нәтижесінде түзетіледі. Тез басуды түрегеп тұрып жасайтын болған. Киіз үйдің ағаштарын жасайтын құралдың бірі жонғы арқылы үй ағаштарының кем-кетігін тегістейді. Үскі деген ұшы істік құралмен уық бау өткізетін көзді тесетін болған. Ырғақ кереге – сағаналарының мүсін біркелкілігін сақтау үшін арнайы жасалатын қалып. Ал, түрпі деген құрал ағаштың ой-шұқырын тегістейді. Міне, осы негізгі құралдарды пайдалана отырып, киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ жабдықтарын жасаған. Ілияс атаның айтуынша, киіз үйді халықтың сұранысы бойынша бір ай көлемінде жасап бітетін болған, – дейді Ақлима Жұмашова. Қазақ халқында үйшілер өнері сонау көне замандардан көшпелілік өмір салтына байланысты қалыптасып, ғасырлар бойы даму нәтижесінде халықтық өнер дәрежесіне жеткен. Ата-бабамыз «нағыз өнер – үйшілік» деген. Қазіргі таңда осы өнерді жалғастырушы шеберлердің қатары азая түсуде. Сондықтан, халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпаққа насихаттау қолөнер бұйымдарының сапасын арттыру игілікті іс дер едік.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан облысы
05.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281