«Өнерлі ана, өнегелі қыз»

«Өнерлі ана,  өнегелі қыз»

Оқушыларды ұлттық құндылықтарымыз арқылы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ардақтауға тәрбиелеу мақсатында осындай атаумен Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылындағы №26 жалпы білім беретін орта мектепте жарыс болып өтті. Бұл сайыста оқушы қыздар мен аналар өз өнері, білімі,    тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп, сынға түсті. Қатысушылар – 1-4-сынып аралығындағы оқушылар мен аналар. Сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салып, барынша жүлделі орын алуға тырысып бақты. Жарыс соңында қатысушы қыздар мен аналарға 1, 2, 3-орындар және сондай-ақ «Өнерлі», «Өнегелі», «Парасатты» және «Көркем» деген номинациялар бойынша сыйлықтар табысталып, дипломдармен марапатталды. Бас жүлдені 1 «ә» сынып оқушысы Медина Ербол Медетқызы мен анасы Ақнұр Серікқалиқызы иемденді. Медина «Қыз бақыты» әнін шырқап, анасы екеуі жасаған гүл шоқтарын залдағы көрермендерге тарту етті. Әсіресе олардың өз шебер қолдарымен тігіп киген үстіндегі шапандары мен бас киімдері өте жарасымды да сәнді көрінді. Осы орайда сынып жетекшісі Назипа Байдуллаева Абдихалыққызының  оқушыларды сайысқа   дайындаудағы еңбегі бар екенін айта кетуге болады.    22 наурыз қарсаңында өткен  байқау ата-аналар мен ұстаздарға, оқушыларға зор әсер қалдырды. 

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20499
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19130
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22591