Өңір «өкпесі» екі есеге тазарады

Өңір «өкпесі» екі есеге тазарады

Түркістан қаласын дамыту, абаттандыру, ауасын тазарту, экологиялық ахуалын жақсарту мақсатындағы ең алғаш қолға алынған басым бағыттардың бірі – жасыл белдеу құру, оны жандандыру, көлемін ұлғайту болатын. Осы бағыттағы жұмысқа айрықша көңіл бөлініп, бүгінде Түркістанның «өкпесі» 13220 гектар алқапты алып жатыр. Оның 7700 гектары 2019 жылы егілген болатын. Міне, содан бері жасыл белдеудің көлемі тағы екі есеге жуық ұлғайды. 

Жасыл белдеудің алғашқы 7700 гектарына 11,5 млн жапырақты ағаш көшеттері отырғызылса, 3020 га жер телімдеріне 9 млн дана сексеуіл көшеттері, тағы 2500 гектарға сексеуіл тұқымы себілді. Жалпы бүгінгі күнге дейін жасыл белдеудің аумағында сексеуіл ормандарын қоса есептегенде 21 489 008 көшет көгеруде. Түркістан қаласы айналасының су тапшылығына байланысты отырғызылған ағаш көшеттерін суару бойынша, жаңа әуежай жолының бойындағы 268 га жер телімі толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылған. Қалған учаскелердегі отырғызылған ағаш көшеттердің 63 пайызы ұңғымалардан, 25 пайызы каналдардан, 12 пайызы насостар арқылы суарылуда.

Мамандардың айтуынша, орман алқабында отырғызылған мәдени екпелердің өнімділігі мен өсу жағдайына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, зерделенгенде 7700 гектар аумақтың 51,2 пайыз жерінде көшеттердің өнімділігі жақсы, орташа және қанағаттанарлық жағдайда екенін көрсеткен. Жасанды орман алқабын кеңейту ең алдымен тұқымбақтардың жұмысына байланысты. Сондықтан «Жасыл аймақ» КММ Түркістанның тұқымбағын дамытып, ағаш-бұта көшеттерін көбейтуде.

«Дамыған елдердің басты айқындаушысы – тазалығы пен қоғамдық тәртіптің тұрақтылығы. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұртшылықты, осы салаға жауапты өкілдерді тазалық сақтауға шақырды. Түркістанның келісті келбетін сақтау үшін облыс орталығының негізгі көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Сала мамандары тыным таппай жұмыс істейді. Бұл іске жауапты мекеменің 200-ге жуық қызметкері мен 40 техникасы жұмылдырылған. Олар 80-нен астам көшені механикалық ретте және қолмен тазалайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жауапты тұлғалар тарапынан тұрақты қадағалауға алынған. Жалпы Түркістан қаласында көшелер мен демалыс орындарын көбейту, көгалдандыру бағытында тынымсыз жұмыс атқарылып келеді. Шаһар 32 сектор бойынша абаттандырылуда. Бүгінде аудан, қала және басқарма басшыларының бақылауымен қала аумағында 250 мың ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды. Оның ішінде тұт ағашы, писсар өрігі, терек, арша, линден ағашы, қарағай, катальпа, талшын ағаштары бар. Сондай-ақ 1 млн шаршы метр газон төселіп, 300 мың шақырым суару жүйесі орнатылды. Қала бойынша 100-ден астам ұңғыма қазылып, аллеялар мен скверлер қолданысқа берілді. Одан бөлек «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 13,5 мыңға аумаққа 21 млн-нан астам түп ағаш егілді», – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Ш.МОЛДАБЕК, Түркістан облысы
14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8635
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844