Өңірдің бірқатар лауазымды тұлғаларына сөгіс жарияланды

Өңірдің бірқатар лауазымды тұлғаларына сөгіс жарияланды

 28-і қыркүйек күні Маңғыстау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалында Саяси Кеңес Бюросының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қаралды. Отырыста аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары тыңдалды. Саяси Кеңесі Бюро отырысында бекітілген жол картасының Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды міндеттемелерін орындау аясында «Nur Otan» партиясының облыстық, қалалық, аудандық сайлауалды бағдарламаларына жүйелі мониторинг ұйымдастырылған. Облыста және аудандар мен қалаларда арнайы штаб құрылып, жұмыс істеуде. Жалпы алғанда, осы жылдың 8 айында өңірлік және аумақтық сайлауалды бағдарламаларына жүргізілген талдау нәтижесінде барлығы 112 іс-шараның 41-і орындалды, 6-ы орындалу сатысында, алтауының  орындалмау қаупі бар, 4-і ауыстыруды қажет етеді. Жоспарға әлеуметтік нысандардың құрылысы, жол инфрақұрылымы, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б.112 шара енгізілген. Аталған жобалардың толық және мерзімінде орындалуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етпек. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев: «Бұл жұмыстарға мемлекеттік орган басшылары жауапты. Халық бізден жол картасын сапалы жүзеге асыруды күтеді, сондықтан біз өзімізге артылған сенімді ақтауға міндеттіміз. Жоспардың орындалмауы әкімдер мен басқарма басшылары арасында ішкі байланыстың жоқтығын көрсетіп отыр. Бұл іске деген жүйелі жұмыстың жоқтығы. Бәріміз бір бағытта жұмыс істеуіміз керек. Сонда ғана алдымызға қойылған міндеттерді орындап, өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланатын боламыз»,—деді. Отырыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына, Қарақия және Бейнеу аудандарының әкімдеріне «Nur Otan» партиясының жол картасын дұрыс бақыламағаны және тиісінше орындамағаны үшін сөгіс түрінде партиялық жаза берілді. Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға өздеріне жүктелген міндеттерді мерзімінде орындауды тапсырды.

Ермек Сахариев
29.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852