Оқу мәдениетін қалыптастыру

Оқу мәдениетін қалыптастыру

Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мектептің тәрбие үрдісіндегі ең маңызды істің бірі деп ойлаймын.

 

Кітап оқу оқырманның көз аясында кеңейту, ойлау жүйесін дамыту, логикасын арттыруда пайдасы зор. Жалпы мектеп кітапханасы мектептегі оқушының ең сүйікті орны болуы керек.

 

Ал кітаптар тек кітапханада ғана емес, әр кабинетте, дәлізде тұрса, оқушы қалағанын алып оқып, қалаған уақытында қол жетімді болса, кітапқа деген көзқарас тіптен өзгерер еді. Бір сөзбен айтқанда, мектеп үлкен кітапхана секілді болуы керек деп ойлаймын.

 

Сонда ғана оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт қалыптасады. 

 

Жалпы мектепте мектеп ортасының, әр кабинет, әр баспалдақ, әр дәліз сөйлеп тұруы керек, эстетикалық тәрбие беруі керек деп біраз тірлік істедік. Бұйырса жақында мектепте Қайым мұражайы ашылады, негізгі жұмыстары аяқтап қалды.

 

Енді ең негізі мәселе - қазақ тіліндегі кітап қорын, түрін, санын молайту. Себебі оқырманға таңдау болуы керек.

 

Өткенде ұлттық мектептің бағыты бойынша кітап қорын көбейту мақсатында еліміздегі біраз зиялы қауымға, алаштанушыларға хат жаздым. Хатымда “Алаш тарих кабинеті, Абай кітапханасы, Мағжан дәріс залдарына қоятын қазақ тіліндегі кітаптарды сыйға тартсаңыз, өз шығармашылығыңыздан болса да, мектепке оқушыларға пайдалы кітап сыйласаңыз”, - деп 50-ден астам адамға хат жаздым.

 

Содан Нұртөре Жүсіп  27 кітап, Жарасбай Сүлейменов 29 кітап, Дәулеткерей Кәпұлы  90 дана кітап беріп жіберіпті. Өкінішке қарай, қалған зиялы қауым үнсіз. Күтіп жүрмін.

 

Жалпы қызық бір зерттеу болсын дедім, кім кітап керек деп хат жазған мектепке елең етер екен, кім оқушылар үшін дейді екен. Оқушыларға қандай кітап ұсынар екен деп зерттегім келді. Ондай адал ниетті ұрпаққа жанашыр адамдарға есігіміз ашық.

 

Мектептің қым-қуыт тірлігі, мектеп өмірі қызық қой. Себебі балалар әлемі - шығармашылық шабыт сыйлайтын таза орта.

 

Биылғы жылғы пәндік олимпиада, ғылыми жоба, конкурстар нәтижесі жаман емес, білім сапасын арттыруға да қыруар жұмыс істеліп жатыр.  Нәтижесі біртіндеп көрінеді ол бағыттың, қазірге жетістіктер жаман емес, шығып жатыр. 

 

Біз нағыз ұлттық мектеп үлгісін қалыптастырамыз, бұйырса. Әлі біраз шабыт бар. Қолдаушы, демеуші болса, ұлттық мектепке үлес қосамын деушілер болса, есігіміз ашық.

Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан
02.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735