Оқушы қыздың хатына Президент жауап берді

Оқушы қыздың хатына Президент жауап берді

қыздың хаты

Жамбыл облысы Жасөркен ауылындағы «Мөлдір» бала­бақша-мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Жібек Исабектің жазған хаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың қолына тиді.

Ел Президенті Жібекке жазған хатында жамбылдық оқушының жүрекжарды тілегін аса риза­шылық­пен оқығанын баяндаған.

– Маған жолдаған ыстық лебізің үшін рақмет. Сенің ертеңгі күні үлкен азамат болып өсіп, еліміздің парасатты перзенті атанатыныңа кәміл сенемін. Біздің бүгін қолға алып жатқан жұмысы­мыздың барлығы да жарқын болашағымыздың иесі – өздеріңе арналады. Сондықтан сабағыңды үздік оқып, ұстаздарың мен анаң­ның берген тәлім-тәрбиесін бойы­ңа сіңіріп, мақсатқа ұмтылудан жалықпа. Отбасыңның қашанда мақтанышы болып, жетістіктерге жете бер, айналайын! Анаң мен бауы­рыңа менен сәлем, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы Жамбыл ауданының оқушысына ноутбук тарту етті.

Өз кезегінде хаттың иесін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та арнайы қабылдап, «Мұндай хатты жүректі қыз жазады» деп таңданды. Ізгі ниетін көрсеткен Бердібек Машбекұлы Жібекке смартфон мен кітап сыйлады.

 

А.ЖАСАНҰЛЫ
01.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 820
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6894
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10730
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6963
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7101