ОҚУШЫЛАР АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ

ОҚУШЫЛАР АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ

Аудан әкімі Сәкен Арубаев бүгін әкімдіктің үлкен мәжіліс залында республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орын алған дарынды мектеп оқушыларымен кездесті. Оқушылармен қатар жиынға олардың жетекшілері, ұстаздары қатысты.

Шарада аудан басшысы Сәкен Қаланұлы аудан ұстаздары жас буынның болашағына үлкен әсер ететінін атап өтті.


– Оқушылардың жеңісі – ата-ана үшін әлемнің бақыты. БАҚ-нан өңір өрендерінің жеңісін көріп, тәуелсіз еліміздің болашағынан үлкен үміт күтемін. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ озат оқушы тәрбиелеген ұстаздардыңда еңбегі ерең. Раушан Пернешқызы басшылық ететін ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің арқасында жоғары жетістікке жетіп отырсыздар. ҰБТ-де өңір мектептері бірінші орыннан көрінгенін жақсы білеміз. Бала тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз бағалана берсін, – деді

Шарада 30-ға жуық оқушылар мен ұстаздарға аудан басшысының ізгі тілегі жазылған кітап пен Алғыс хат табыс етілді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5455
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5608
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20579
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19207
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22670