Оқушылар лимон өсіріп, апельсин жинап жүр

Оқушылар лимон өсіріп, апельсин жинап жүр

Шымкенттегі №89 мектептің жылыжайы экзотикалық баққа айналған. Қазір оқушылар банан, апельсин және лимон жинауда. Алғашында жас бағбандар тропикалық өсімдіктерді қызығушылықпен өсіре бастаған. Өсе келе өнім береді деп ойламаған. Ал жеміс бере бастағанда оқушылардың қызығушылығы тіптен артқан.

Қазір мектеп ауласындағы аумағы 200 шаршы метр болатын жылыжайдың іші ғажайыпқа толы. Мұнда не жоқ дейсіз, тропикалық жемістер мен өсімдіктердің сан түрі жайқалып тұр.

– Біз биыл осы бақтан жеміс жинадық. Енді 3-4 айдан кейін тағы да жеміс береді. Мысалы банан ағашының бір түбінен 30-40 банан жемісін алдық, – дейді мектеп оқушысы Г.Атем. Ал, оқушы Бекзат Әбдусәлиев болса болашақта ғалым боламын дейді. «Өсімдіктерді зерттейтін ғалым болуды армандаймын. Әсіресе, тропикалық өсімдіктер қатты қызықтырады. Қазір оқушылар бананның қалай гүлдейтінін, лимон мен ананасты және апельсинді қалай күтіп, баптау керектігін жақсы біледі. Соның арқасында биылғы жыл жемісті болды»,– дейді жас бағбандар. Қазір олар өз тәжірибелерін одан сайын жетілдіріп жатыр.

– Өз тәжірибеміздің жемісті болғанына қуаныштымыз. Біздің жас бағбандарымыз алдына үлкен мақсат қойып отыр. Енді біз цитрустық өсімдіктерді өз бақшамызда өсіріп, оны көбейте аламыз. Біз болашақта тропикалық жемістерді өсіріп, одан мол өнім алуға болатынын дәлелдегіміз келеді, – дейді биология пәнінің мұғалімі Жансұлу Ерубаева.

Мектеп асханасының аспаздары енді жеміс-жидек пен көкөніс сатып алу үшін базарға бармайды. Барлығы өздерінің жылыжайында жайқалып тұр. Сондай-ақ Америка мен Голландияда өсетін гүлдердің түр-түрін осы жерден кездестіресіз. Бұл мектеп балаларды бағбандыққа үйретіп қана қоймай, еңбекке баулиды. Мұғалімдер де бұл мектепті бітіріп шыққан балалар табиғатқа зиян келтірмейтініне сенімді.

Ш.Молдабек
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 86
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 69
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 75
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 86
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 75
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 73
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 81
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 71
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 78
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 297

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9309
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8703
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11932
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9705
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10913