Оқушылардың жазғы демалысы қалай өтуде?

Оқушылардың жазғы  демалысы қалай өтуде?

Орал қалалық білім беру ұйымдары ҚР Премьер-министрінің «2020-2023 жылдардағы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы өкімі» бойынша жұмыстар жүргізуде.

Демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруда түрлі санаттағы отбасы оқушыларын бірінші кезекте қамту білім беру ұйымдары жұмысының басым бағыты болып табылады. Қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2021-2022 оқу жылында шаһар мектептерінде 1363 әлеуметтік аз қорғалған отбасылардың балалары білім алған. Жаз айларында елу мектепте өткізілген «Жазғы мектептер» 40198 оқушымен қамтылған. Аталмыш бөлімге қарасты  «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 3 айда 1500  оқушы демалады деп жоспарланған. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұл-қыздар саны – 400. 

Қаланың 45 мектебіндегі тамақтануы ұйымдастырылған  лагерьлерде – 7590,  елу мектептегі және екі қосымша білім беру ұйымындағы тамақтану ұйымдастырылмаған лагерьлерде 30 маусымға дейін 34655 бала жазғы демалыс күндерін өткізген.  Биыл алтыншы жыл қатарынан қала мектептері жанындағы лагерьлерде бағдарлы алаңдар жұмыс жасауда. Барлық мектепте үш тілді оқыту алаңдары, интеллектуалдық алаңдар жоспарлы жұмыс жасайды. 574 әлеуметтік аз қорғалған жанұяның балалары мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылған лагерьлерде тыныққан.

Ал «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерьлері биыл оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылып, оған елу мектептен 1700 оқушы тартылған. Мұнда олар туристік-өлкетану бағытында жұмыс жасап, ғылыми жоба жарыстарына дайындық жүргізеді. 2011 жылдан бері жұмыс жасайтын «Қайсар» патриоттық лагерінде осы жылы мектепішілік және жергілікті полиция бақылауында тұрған, өмірін Отан қорғау ісіне арнағысы келетін  230 ұл бала демалуда.  

26 маусым мен 1 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласына 50 аз қамтылған отбасы оқушыларына саяхат ұйымдастырылған. Ал осы санаттағы тағы 100 бала Бурабай курорттық аумағына саяхаттап қайтады. Тамыз айында тағы 50 жеткіншек үшін  Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылады.

Жалпы жазғы демалыспен қамту өткен жылы 83 пайызды құраса, үстіміздегі жылы 88,6 пайызды құрайды деп күтілуде. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 184
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9061
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8458
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11685
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9447
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10665