Оқушының ынтасы неге төмен?

Оқушының ынтасы неге төмен?

Білімге әркімнің-ақ бар таласы. «Қазақстан ZАМАN» газетінің 31 наурыз 2016 мешін жылғы санында «Көкпарға түскен білім саласын не күтіп тұр?» деген атаумен мақала шыққан еді. Бұл мақалада 25 жылда 14 білім министрі ауысқан білім саласы сөз болған еді. «Білімсіз күнің жоқ» дегендей, білімге әркімнің де таласы бар екені анық. Өйткені мектеп партасына отырып білімнің қыр-сырын меңгеремін деген жастың талабы таудай, көкірегінде қандай арман, қиял, мақсат бар екені бір өзіне аян. Бірақ сол ұлы мақсат жоғары сыныптарға барған сайын сұйылып, желкесі жар бермей, жалқаулардың қатары көбейіп, мектепке әйтеуір ілініп-салынып барып-келіп жүргенін көріп жүрміз. 

«Үйде ата-анам, мұнда мұғалім «оқу керек» деп алдына салып қуалайды, қайда барып күн көреміз?» – деп ренжіпті бір оқушы. Неге оқушының ынтасы төмен? Кімнен? Оқулық сөзі түсініксіз, жасына сай келмейтін кейбір тақырыптар, оның бергі жағында терең білімді, ізденгіш, өз саласының маманы – ұстаздың да орны ерекше. Сөздің басында 14 министр білім саласын басқарғанда елін, ұлтын сүйетін, бір-біріне дос, елгезек, Отанын сүйетін, адал ұрпақты тәрбиелей алмағанымыз қалай?! Көпшілік білім саласы оңай, есеп-қисабы жоқ, құдайдың берген қара домалақтары өзі келіп, өзі оқып, жұмысымыз жүре береді деп ойлайтын сияқты. 32 жылда 2 жыл сайын ауысып келіп отырған лауазымдылар өздерімен бірге жаңа реформалар ала келді. Менің есімде қалғаны 2003 жылы білім саласына Ұлттық бірыңғай тестілеу енді. Оқушы мен ұстаз да сол кездері келешекке сену, тазалық, талапқа бас ию бар еді. Ал кейін бұл әдіске де көңілі толмай асыра сілтеп бағалауда жағымсыз істер болғанын естідік. Бағалау баланың біліміне сай болуы керек. Көтермелеу, босқа күпіну, жең ұшынан жалғасқанды қоятын кез келді. Білімнің барысы қалай, қайткенде адамдықтың ақ жолынан сүрінбей өтуді қадағалайтын басшы қажет-ақ. Тіпті облыстық, қалалық білім басқармасы, мектеп директоры білім саласын шыр көбелек айналдырып, жіптіктей етуіне болады. Неге оқушы оқуға құлықсыз, неге кітап оқылмайды, жазба жұмыстарының күні өткені қалай? Жылда жаңа бағдарлама, жаңалықтар көбейген сайын жеке оқушылармен жұмыс істеу қанағаттандырмайды. Ақылы оқу, ақылы даярлық курстар – бұларды барлық отбасылардың қаражаты көтере ала ма? Менің мектепке байланысты өмірде бір жай есімде сақталып қалды. Бірде 5-сыныпқа Ақтөбенің сонау алыс ауданынан бір оқушы ауысып келген еді (мен 11-сыныпқа дейін «Қазақ әдебиетінен» сабақ бергенмін) кезекті жазба жұмысын тексере келе әлгі оқушының әріп танымайтынын білдім. Ата-анасын шақырғанмен нәтиже жоқ болғандықтан, сол баланы сабақтан соң алып қалып 42 әріпті қайта үйретуге тура келді. – Менің үйім, жеке жұмыстарым бар, ал сен үйге барып демалып, ойнауың керек. Екеуміз бір-бірімізге кедергі келтірмей, сен менің тапсырмаларымды орында, – дедім. Сонымен 9-сыныпқа келгенде жақсы сауаттанып, маған көмегім үшін алғыс білдірген еді. Оқушыны сыныптан сыныпқа көшіре бергенше, онымен мұғалім жұмыс істеуі керек екен. Әрбір оқушы тұлға деп қарап, назардан тыс қалдырмағаны жөн. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқан сөз қандай салмақты еді! 11-сыныпта 1 жыл артық уақытын өткізіп алғаны дұрыс емес. Аяғы шыққан баланы бесікке бөлеп қойғандай 17 жасында 10 жыл оқытып, соған сай бағдарлама жасауға болмас па еді? Біз білім алған кезде жантанушы, әлеуметтік педагог, медбике, тәрбие завучі, мектеп инспекторы болған емес. Соншама мемлекет қамқорлыққа алса да, тәрбие мен білімнің ақсап жататыны қалай? Жалпы білім саласына жеделдетілген реформалар мен ауыр тапсырмалар бергеннен бала білімді бола бермейді. Тағы да ойда жүрген жай – орыс мектептерінің әлі күнге дейін азаймай отырғаны. Жақында қасында 6-7 жасар қыз баласы бар әйелмен кездесіп қалып, сөз арасында: – Қызыңыз 1-сыныпқа қазақ мектебіне баратын болар? – деп едім, әйел шоқ басқандай: – Жоқ, орыс мектебіне беремін. Қазақ мектебінің сабағы өте ауыр, – деді. Ал өзі де, баласы да орыс тілінде сайрап тұр. Біз осындаймыз. Қай елде тұратынын, өзінің осы елдің топырағында дүниеге келгенін, баласының болашағын ойламайтын бұндай жандар жетерлік. Сондықтан орыс мектептерін біртіндеп қысқартып, жаппай мемлекеттік тілде оқытуды қолға алатын кез келді. Жалпақшешейлік, көңілге қарау, жігерсіздік діңкемізді құртатын болды. Білім саласына ардагер ұстаз ретінде ой қосуға хақым бар деп ойлаймын. 

ҚҰРАЛАЙ ЕСҚҰЛОВА
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 29
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 52
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 24
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 55
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 52
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556