Оқыту штаттық форматқа қайтып оралады

Оқыту штаттық форматқа қайтып оралады

      Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал орташа есеппен 5,6 есе нашарлай түскенін атап өтті. Сырқаттанушылықтың өсуі Қарағанды облысында – 28 есе, Алматы облысында – 11 есе, Атырау, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында – 9-9,5 есе. Вице-премьер инфекцияның таралуын тежеу үшін азаматтарды вакциналау және реакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясын емдеу үшін жаңа дәрілік препараттарды ерекше жағдайларда пайдалануды қолдады. ВАК талқылауының қорытындысы бойынша оқытудың штаттық форматына рұқсат беру ұсынылды. Олар: мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда); оқушы саны 600-ге дейін (қоса алғанда) жалпы білім беретін мектептерде; оқушы саны 600-ден асатын жалпы білім беретін мектептерде ( жобалық қуаттың 50 пайыздан аспайтын жүктемемен);  жалпы білім беретін мектептерде – бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 5-6 сыныптарды қоса алғанда);  мектептен тыс ұйымдарда – жеке сабақтар, топтық сабақтар – 15 адамға дейін; мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында), ересектерде – жеке және топтық сабақтар – 8 адамға дейін; колледждер мен жоғары оқу орындарында – аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика – икемді график бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн. Кеңес барысында атап өтілгендей, орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру карантин режимін бұзушылықтар анықталған кезде қолданылатын болады. Кеңес соңында Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің басшыларына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша Үкімет қабылдап жатқан шаралардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796