«Өр кеудең Нарынқолдың тауларындай» ( Т.Бердияров)

«Өр кеудең Нарынқолдың тауларындай» ( Т.Бердияров)

 

  Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің «Nur Otan» партиясымен, Ауылшаруашылығы министрлігімен және «Ел Ана» қоғамдық – сайтымен бірлескен «Ауыл – Ел бесігі!» экспедициясы Алматы облысында

  Осыдан екі-үш жыл бұрын Кеген ауданынан бөлініп шығып,  қайта құрылған Райымбек ауданында жағымды жаңалықтардың көп екенінен бұған дейін де хабардар едік. Дегенмен көзбен көріп, көңілге түйіп қайтқанға не жетсін?!

 Ақ көрпе жамылып үлгерген қарағайлы тау етегінде орналасқан Сарыжаз ауылының табиғаты тамылжи көз тартады.

                                         Қазақтың арыстары оқыған мектеп

   Бізді жылы қарсы алған  «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының орынбасары  Арипова Гүлнұр Рауанқызы мен Ішкі саясат бөлімі ММ. Басшысы Қоқымбаева Жамиля Оразақынқызы  экспедиция мүшелерімен кездесу ұйымдастырылған мектепке бастап келді.  Қазіргі заманға сай салынып, сырты да, іші де жарқырап тұрған жаңа мектеп бұрынғы ескі мектептің орнына салыныпты. Оның салынуына осы ауылдан шыққан белгілі қоғам қайраткері, біршама мемлекеттік қызметтер атқарған, ақын Тұрарбек Асановтың ықпалы зор болыпты. Тіпті бұл мектепте бүкіл қазақ жұртына есімі аян, саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев та оқып, білім алған екен.

 Хош, дейік! Сонымен аудан мектептерінен келген ұстаздармен кездесу барысында, дәстүрлі экспедициямыздың мақсатымен таныстырып, газет-журналымыз жайлы мағлұматтармен де бөлістік. Қашан да өнер-білімге деген қабілеттіліктерімен ерекшеленетін Нарынқол өңірінің ұстаздары да өздерінің озық ойлары мен ұсыныстарын пікірталас барысында ортаға салып жатты. Бір байқағанымыз, әрі сүйсінгеніміз: жергілікті халықтың қазақы салт-дәстүрді ұстанып, ешкімнен қайырым мен мейірімін аямайтын дархандығы, сондай-ақ мықты рухтары мен  өрмінезділіктері болды.  Қысқасы ұстаздармен кездесу керемет өтті.

                                           «Күншуақ» – бақыт мекені

  Мектептегі кездесуімізден кейін 2021 жылы, яғни биыл ғана салынған 140 орындық  «Күншуақ» бөбекжай-балалар балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына бардық. Балабақша басшысы Ботагөз Мұқажанованың айтуынша, балабақшада жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген алты топ бар. Онда жалпы саны 44 қызметкер болса, оның 19-ы жоғары арнайы білімді педагогтар екен. Жоғарыда айтқан мектептен алған әсеріміз жарық та кең, әрі әсем безендірілген балабақшаны аралап көргеннен кейін еселене түскен болатын. Кішкентай бүлдіршіндер жарыса өнерлерін көрсетіп мәз-мейрам. Қандай бақытты!

   Шынын айтсам, кезінде шетқақпай қалған шекара шебіндегі ауылдың  бүгінгі келбеті мен тыныс-тіршілігі таң қалдырған еді. Бұл таңданысымыздың басы ғана болса керек, өйткені алда әлі аудан орталығы  Нарынқолға сапар тұр...

                                        Жаңарған, жаңғырған Нарынқол

  Нарынқолда алғаш ат басын тіреген нысан, жаңа салынған спорт (ФОК) кешені болды. Біз келгенде бокстан ауданаралық жарыс жаңа ғана аяқталыпты. Спорт кешенінің ішін аралай жүріп, көп мәліметтерге қанықтық. Кешен басшысы Акимханова Динара Әукенқызының айтуынша, спорт кешенінде шттатта 27 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда спорттың: ауыр атлетика, бокс, еркін күрес, волейбол, шахмат, футбол сияқты түрлері болса, ауданның он жеті ауылындағы филиалдарында: баскетбол, грек- рим күресі, қазақша күрес, дзю-доо, каратэ-до сияқты түрлері бар екен. Жалпы Нарынқол өңірінен шыққан көптеген спортшыларды білетінбіз, енді мынадай керемет спорт кешені ашылғанын көргеннен кейінгі жерде, келешекте Нарынқол өңірінен шыққан әлем чемпиондарын көреміз деген үміт пен сенім ұялады.  Спорт кешенінен шыққан соң, жалпы Нарынқолда салынған жаңа нысандарды аралап көрдік.   

                                        «Nur Otan» партиясының бақылауында

  «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының орынбасарыАрипова Гүлнұр Рауанқызының айтуынша, партия филиалының 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі  «Жол картасы»  бағдарламасы негізінде салынған бұл нысандардың бәрі де  партия тарапынан қатаң қадағаланып, бақыланып отырған. Мысалы партиялық бақылау комиссиясы ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына 4 рет рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізіпті.

 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, Партиялық бақылау комиссиясының  9 кезекті отырысы өткізіліп, 21 қаулы қабылданған.  Сонымен қатар азаматтардың жеке мәселелері бойынша 8 қоғамдық қабылдау өткізген.

  Бұл айтып отырғанымыз «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы атқарған тау-теңіз жұмыстардың негізгілері ғана, ал егер айта берсек атқарылған жұмыстар ауызтолтырарлық. Осындай атқарылған жұмыстарға қарап, мақаламыздың басында айтып өткендей, аталмыш партияға деген халық сенімінің арта түсекенін аңғарамыз.

 

      Түйін:  Шығыстағы көршілерімізбен шекаралас жатқан үш ауданды аралап, Алматыға қайттық.

      Сапар қорытындысында мынадай жайттарды көңілге түйіп қайттық. Олар:

     Біріншіден,  ауылдағы ағайындардың ұйымшылдық пен ынтымақтың қадірін түсініп, бірлесе тіршілік етуге бейімделе түскендігі;

     Екіншіден, әлеуметтік жағдайларының жақсаруымен қатар, саяси-құқықтық, мәдени, рухани көзқарастарының кемелдене бастағаны;

     Үшіншіден, тұрмыстық, өмірлік игіліктерге қол жеткізудегі талпыныстар болатын.

 

       Біз осы бірлескен экспедициямыздың іске асуына қолдау көрсеткен Алматы облысының әкімі А.Баталовтан бастап, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының басшысы Гүлнар Қожағұлқызына,аталмыш филиалдық хатшысы Бағдагүл Дәулетқызына және өңірдегі бізге қолдау көрсеткен әкімшілік қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
 
Құрметпен Qazaqstan dauiri газеті
16.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 204
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 46
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 219
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 237
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 207
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 203
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 226
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 215
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 223

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10500
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9481
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12716
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11686
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16699