Оралда атқарылған жұмыстар ауқымды

Оралда атқарылған жұмыстар ауқымды

Күні бүгінде халық саны 322 мыңнан асқан облыс орталығында әлеуметтік-экономикалық жағынан оң көрсеткіштер байқалады. Өткен жылдың қорытындысына көз жүгіртсек, едәуір өзгерістерді атап өтуге болады.    

Есептік мерзімнің қорытындысы бойынша қала бюджетінің көлемі 42 млрд. теңгені құраған. Соның ішінде қазынаның 38 пайызы дамуға бағытталған. Қазына қаражатының негізгі бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және әлеуметтік салаларға бағытталған. 

Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 201,7 млрд теңге болса, қала экономикасына түскен инвестициялар көлемі 103,2 млрд теңгені құраған. Жасыл қаланың негізгі капиталына салынған инвестициялардың негізгі көзі – жеке инвестициялар. Соның нәтижесінде 32 жоба іске қосылып, 600-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылған. Солардың қатарында «Квант» ЖШС жиһаз фабрикасының құрылысы, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу желісін сатып алу, тауарлар үшін пластмасса қаптамаларын өндіру, «Omega Sports» спорт залының және «Uralsk Trade Company» ЖШС сүт зауытының құрылысы сынды ірі жобаларды атап өтуге болады.

Облыс орталығында жалпы аумағы 141,9 мың шаршы метрді құрайтын жылыжай кешендері жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Аграрлық қызмет» ЖШС-ның 150 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы дайындалуда. 

Жыл санап халқының саны артқан шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда. Бұл салаға 2021 жылы 7,3 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы және «ҚПО б.в.» компаниясының қаражаты есебінен  5 көппәтерлі тұрғын үй салынды. Ал жеке инвестициялар есебінен 54 көпқабатты үй бой көтерді. Бұлардан бөлек, апатты баспаналарды азайту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жоба арқылы тағы 8 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Білім, мәдениет, спорт салаларында да ауыз толтырып айтарлықтай шаруалар тындырылды. Өткен жылдың соңында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бір орта мектеп пен бір мектепке дейінгі ұйым «Энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу бойынша жаңғырту бағдарламасы» аясында күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар 8 жаңа жеке балабақша ашылды. «Менің аулам, менің бағым» жобасы аясында бау-бақша лагері жұмысын бастаса, қоғамдық балалар мен жасөспірімдер, жастар театрлары құрылды. Былтыр ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген екі бірдей балалар аула клубы комьюнити-орталық ретінде жасақталды. Қаладағы спорт нысандарын көбейтуге жеке секторлар да өз үлестерін қосуда.

Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі де – басты назарда. Бұл ретте Жайық өзенінің таяздану факторы, ұңғымалар дебитінің төмендеуі, халық санының ұлғаюы мен қаланың өсуі де бұл мәселеге өз әсерін тигізуде. Осыған байланысты су шығыны аз 18 ұңғымаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа 6 ұңғыма қазылуда. 

Қалаішілік қоғамдық тасымалдау жұмыстарын жақсарту мақсатында өткен жылы 64 жаңа автобус сатып алынса, биыл жыл басында қалалық маршруттар тағы 14 жаңа автобуспен толықты. 

Қала жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Тарихы тереңнен басталатын шаһарды абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, санитарлық тазалығын сақтау жұмыстары күнделікті күн тәртібінен түскен емес.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 87
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 97
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 193
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 193
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 330
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 559
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 502

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9207
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8604
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11831
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9601
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10814