Оралда дайын құжаттарды үйге жеткізу сервисі іске қосылды

Оралда дайын құжаттарды үйге жеткізу сервисі іске қосылды

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстандағы филиалының баспасөз қызметі қаладағы халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде дайын құжаттарды клиенттердің үйіне немесе жұмысына дейін жеткізу қызметі іске қосылғанын хабарлады.

Бұл құжаттардың ішіне 150-ге жуық мемлекеттік қызмет, атап айтқанда: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалары кіреді. Яғни, азаматтардың дайын құжаттарды алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінуі міндетті емес.

Нақтылап айтсақ, аталған құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің телефон нөміріне SMS-хабарлама келіп түседі. Одан әрі хабарламадағы сілтеме арқылы өтінімді толтырса жеткілікті. Құжаттар бір жұмыс күні ішінде иесіне жеткізіледі. Қызмет ақылы болғандықтан, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

– Біз клиенттер үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті енгізудеміз. Бұл біздің клиенттеріміздің мемлекеттік қызметтерді алу үшін жұмсайтын қаражаты мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде аталған сервис Орал қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қолжетімді, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО бойынша филиалының директоры Нәдір Құрымбаев.

Еске сала кетсек, 2021 жылы алғаш рет бұл сервис Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында іске қосылған екен.

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 51
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 161
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 198
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 161
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 305
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 305
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 525
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 476

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9180
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8579
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11807
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9576
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10786