Оралда пәндік олимпиада өтуде

Оралда пәндік олимпиада өтуде

 

Бүгін Оралда жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

14 пән бойынша өтетін білім сайысында санитарлық талаптар қатаң тәртіппен сақталған. Биыл пәндік олимпиада жаңа форматта, яғни «Бір оқушы-бір компьютер-бір камера» қағидасымен өткізілуде. Оқушылар тапсырмаларды www.okulyk.kz  платформасында орындайды.

Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін жергілікті «Дарын» өңірлік орталығының өкіліне, мүдделі емес «үшінші тұлғаға» («Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары) қатысуға құқық берілді. Сондай-ақ іс-шараның ашықтығын және академиялық адалдығын сақтау мақсатында өту процесін онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.

Қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, пәндік олимпиаданың өту барысын ата-аналар Орал қаласы білім беру бөлімінің youtube  каналынан (https://www.youtube.com/channel/UC7wHqub_QJ1sAPf-_COtOUw/featured ) тікелей эфирде бақылай алады.

Еске сала кетсек, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне мектепішілік іріктеуден өткен 1300-дей оқушы қатысуға өтінім білдірген. Бүгін биология және информатика пәндері бойынша олимпиада өтуде. Білім сайысы 19 ақпанға дейін жалғасады.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
14.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5414
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5569
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20537
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19168
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22628