Оралдық оқушылар білім бәйгесінде топ жарды

Оралдық оқушылар білім бәйгесінде топ жарды

 

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Орал қаласы командасы көш басындағы орнын сақтап қалды. Қала мектептерінен облыстық кезеңге жолдамамен қатысқан 77 оқушының 53-і жүлдегер атанып, сегізі алғыс хатқа ие болды. 

Мұндай қуанышты хабарды Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 24-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 8 пән және жаратылыстану-математика бағытындағы 6 пән бойынша өтті. Оған жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 540 оқушы қатысқан.

Облыс оқушыларының білім деңгейі сыналған додада қала мектептерінен 9 оқушы – бірінші, 24 оқушы – екінші, 20 оқушы – үшінші орынға ие болса, 8 оқушы – алғыс хатқа ие болған. Нәтижесінде командалық рейтинг бойынша І орынды Орал қаласының құрама командасы, ІІ орынды дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты, ІІІ орынды дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты иеленіп, кубок және дипломмен марапатталды.

Орал қаласы командасы өткен жылы да көш бастағанын атап өту керек. Былтыр 9-11-сыныптардан олимпиаданың облыстық кезеңіне 86 оқушы қатысып, 48-і жүлделі  орындарды қанжығалаған. Сондай-ақ 5-6-сынып оқушылары арасындағы олимпиада бойынша өткен жылы облыстық кезеңге 12 оқушы қатысып, 10-ы жүлдегер атанса, республикалық кезеңге жолданған төрт оқушы да жүлделі орындарды иеленіпті. Биыл 5-6- сыныптар арасындағы оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңіне 16 шәкірт жолданып, барлығы да жүлдегерлер қатарынан табылған. Ал республикалық кезеңіне қатысқан жеті оқушының алтауы жүлдегер атанған.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы
31.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5342
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5499
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20469
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19098
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22558