Орман алқабы жанға – сая, малға – пана

Орман алқабы жанға – сая, малға – пана

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Бес жыл ішінде орман алқабына 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деп атап көрсетті. Жолдау жүктеген міндеттерді орындау мақсатында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жыл сайын орман алқаптарында тал егу жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Қолдағы мәліметке қарағанда, облыста 15 орман шаруашылығы бар. Бүгінде өңірдегі мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 миллион 427 мың гектар болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 миллион 357 мың гектар. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр. Жыл сайын мемлекеттік орман қоры аумағындағы 5000 гектарға жуық жерге орман ағаштары көшеттен және тұқымынан егілетін көрінеді. – Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырманы басшылыққа ала отырып, облыс бойынша отырғызылатын талдың 140 миллион түп ағашын 2021-2025 жылдары облыстың мемлекеттік орман қорына егуді қолға алдық. «Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары ормандарды толықтыру және молайту туралы» кешенді жоспар бекітілді. Осы кешенді жоспарға сәйкес, көктем айларында 5220 гектар жерге 15,3 миллион түп отырғызылды және 250 гектар жерге 253 мың орман толықтыру жұмыстары орындалды. Сонымен қатар 64,2 мың килограмм сексеуіл ағашының тұқымы жиналып, орман қорына 250 гектар сексеуіл тұқым бағына 23,2 тонна тұқым себілді және 8190 гектар алқапқа тұқым себу жұмыстары толығымен аяқталды. Жалпы күзгі түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 13310 гектар орманды жерлердің санатына аударылды. Өткен жылы 1186200 мың гектарға жеке және заңды тұлғаларға 1671 орман билеті берілген. Оның ішінде шөп шабуға – 122, мал жаюға – 1495, ара омарталарын орналастыруға – 28, жабайы жемістерді жинауға – 9, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге – 2, ғылыми зерттеуге – 3 және мәдени сауықтыруға – 12. Орман пайдаланудан жергілікті бюджетке 53,5 миллион теңге түсіп, орман қорына 259750 мал басы жайылды. Орман орналастыру материалдарына сәйкес, мемлекеттік орман қорындағы жайылымдардың жалпы ауданы – 1782120 гектардан тұрады, оның ішінде мал жаюға рұқсат етілген жайылым алқаптар – 900166 гектар және уақытша орманмен көмкерілмеген жерлер, мал жаюға беретін аудан –881954 гектар. Жайылымдық алқаптардың 90 пайызы шөл және шөлейтті аймақтарда орналасқан. Өткен жылдың 1 желтоқсанына дейінгі жоғарыдағы көрсетілген жалпы мал жаюға пайдаланатын аудандардың 1186200 гектары пайдалануға берілді, бұл жалпы ауданның 66,5 пайызы. Қазіргі уақытта бос тұрған жайылымдық аумақтар саны 708503,2 гектарды құрайды. Мемлекеттік орман қорындағы жайылымдық алқаптарды пайдалану бойынша Сарысу ауданы 37,1 және Мойынқұм ауданы 38,6 пайыз төменгі көрсеткіште, себебі жайылым алқаптары елді мекендерден шалғайда орналасқан және су көздері – құдықтар тапшы, – дейді басқарма басшысы Мұратхан Шүкеев. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «2022 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, облыстың өрт қаупі бар маусымы 24 наурыздан белгіленген. Орманшылықтарда 34 өрт бақылау мұнарасы жұмыс жағдайына келтіріліп, өрт қауіпті аумақтарда 63 бекетте тәулік бойына кезекшіліктер құрылып, «тілсіз жауға» қарсы күзетте тұрған. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша 117 азаматқа хаттама толтырылып, 1,7 миллион теңге айыппұл өндіріліпті. Сонымен қатар 981 рейдтік іс- шара жүргізіліп, орман заңдылықтарын бұзған 339 азаматқа хаттама толтырылып 3,2 миллион теңге айыппұл және 4,2 миллион теңге орман қорына келтірілген шығындар өндірілген. Былтыр өрт қаупі маусымы кезінде 256 гектар жерде «Қосқұдық» және «Меркі» орман шаруашылығы мекемелерінің 256 гектарын қамтыған орман өрті оқиғасы орын алған. Дегенмен республика бойынша орман қоры жерін өрттен қорғау бойынша облысымыз алдыңғы қатарда. Мемлекеттік орман қоры аумақтарында өткен жылы 4473 гектар аумаққа қарағаш зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. 2022 жылғы кешенді жоспарды орындау мақсатында мекемелердің материалдық техникаларын нығайтуға 87 миллион теңге бөлініп, осы қаражатқа 2 трактор және 19 агрегат алынған. Қазіргі уақытта мекемелердің материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 78 пайызды құрайды. Биыл қажетті техника алуға 280 миллион теңге қарастырылыпты, оған қажетті техникалар алынатын көрінеді. Дұрыс, астарына «Джип» мінген табиғат қаскөйлеріне заманауи үлгідегі техника болмаса тосқауыл қойып, құрықтау мүмкін емес. Мемлекеттік орман қоры мен аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы резервтік қорына 1751 рейд жүргізіліп, орман заңдылықтары, аң, балық аулау және балық қорларын сақтау ережелерін бұзу фактілері бойынша 638 хаттама толтырылған. Салынған айыппұл көлемі 7188,4 мың теңге, оның 6964,1 мың теңгесі өндірілген. Мамандандырылған «Сапсан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі былтыр 160 рейдтік іс-шара жүргізген. Табиғат қорғау заңдарының талаптарын бұзғандарға 175 хаттама толтырылып, әртүрлі деңгейде айыппұлдар салынып, ескертулер берілген. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғандарға 78 әкімшілік хаттама толтырылып, бір жабайы шошқаға акт жазылып, қылмыстық іс қозғалған. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғандарға 61 әкімшілік хаттама жасалып, 4 рет акт толтырылды, екі темір шанышқы, төрт қайық, 1000 метрдей қытай торы, 80 килограмм балық тәркіленіп, полиция бөлімшелеріне өткізілген. Орман қоры жерлерiнде орман билетінсіз саңырауқұлақ және дәрiлiк өсiмдiктер жинау да кездеседі. Ондайларға 11 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындаумен әкетудiң, орман материалдарын алудың 7 рет белгiленген тәртiбi бұзылған. Жердің құнарлы қабатын бүлдіру де кездеседі. Ондайларға 6 хаттама толтырылған. Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу 8 рет тіркелген. Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, қоймалар орналастыру да кездесіп жатады. Сонымен қатар әкімшілік хаттама толтырылған азаматтардан 63 аңшы мылтығы тәркіленіп, оның ішінде 39 еш жерде тіркелмеген аңшы мылтығы және іздеуде жүрген 4 қару тәркіленіп, аудандық полиция бөлімшелеріне өткізілген. 9 әкімшілік іс сотқа жолданған. Тіркелмеген және іздеудегі қару ұстап жүрген адамдардың қандай пиғылда болғанын құқық қорғау органдары анықтап жатар. Әйтеуір абай болған жөн. Мекеменің материалдық-техникалық базасын жетілдіріп, жаңартуды шұғыл қолға алмаса болмайды. Ескірген, тозығы жеткен «УАЗ» маркалы автокөлікпен, мылтықпен қаруланған табиғат қаскөйлерін толықтай құрықтау оңай емес. Заманауи дрондар және жол талғамайтын, тау-таспен жүре беретін соңғы үлгідегі техникамен қамтамасыз етілсе табиғат сақшыларының жұмысы бұдан да нәтижелі болар ма еді…

Амангелді ӘБІЛ, Ақ жол газеті
13.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 439

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8537
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744