Орта Азияның ендігі басты ойыншысы кім?

Орта   Азияның   ендігі басты   ойыншысы кім?

Орыс-Украин соғысы басталғалы бері Орта Азия елдерінен маза  кетті десек артық айтқандық болмас еді. Ресми және бейресми ақпараттардың шабуылы мен алып көрші Ресейдің шалт қимылдары айнала жұртқа, әсіресе Кеңес Одағының шекпенінен шыққан елдерге оңай соққан жоқ. Әрине ең бастысы тәуелсіздікті сақтау, империялардың экспансиясына қорғана білу тұрғаны белгілі. Әлемдік геосаясатқа шолу жасап отырған сарапшылар да Ресейдің ендігі тағдыры мен жіктелу мен жаңа одақтарға бірігу жайында түрлі болжамдарын ортаға салып жатыр. Бұл жердегі болжамдардың көбі ендігі жерде Орталық Азия аймағындағы басты ойыншылардың қатарына Түркия Республикасы қосылады дегенді баса дәріптеуге көшті. 

Әлемдік экономикада алдыңғы қатардағы 20 елдің ішіне кіретін Түркия елі, соңғы жылдары әскери өнеркәсіпте өте тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Таяу шығыс аймағындағы әскери қақтығыстарға белсене араласқан түріктер, өздерінің әскери әлеуетінің әлемдік деңгейге көтерілгендігін паш еткелі де талай жыл болған еді. Ал соңғы кездері аты шыққан «Байрақтар» дроны түріктердің айдарынан жел естірген оқиғаға айналды. Таулы Қарабахтағы Әзербайжандардың жеңісін де Түркиядан бөле қарауға бомайды. Бұл өз кезегінде алып держава ретінде төңірекке айбар шегіп келген орыстарға «біртүрлі» сезілді. Ал Байрақтардың Укриана жасақтарына көрсеткен көмегі де ақпарат беттерінен түспей тұр. Осы Байрақтарды Орта Азия елдерінің ішінде Қырғыз Републикасы алғашқылардың бірі болып сатып алып, әскери жаттығуларына қатыстырып көріп жатыр. 

Биылғы сәуір айының басында Ердоған мырза Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыртуымен Өзбекстанға екі күндік сапармен келгені есімізде. Өзбекстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың жолға қойылғанына 5 жыл ғана болса да, екі елдің арасында сауда және инвестиция саласы жедел дамып, өзара тауар айырбастау 2,5 есеге өсіп, жалпы құны 3,6 миллиард долларға жетіпті. Ердоған мырза Тәшкентте сөйлеген сөзінде, «біз келіссөздер арқылы қарым-қатынасымызды жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Түркия мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі 2021 жылы 3,6 млрд доллардан асып, 72 пайызға артты. Әрине сауда көлемінің мақсаты бұл деңгейде тоқтап қалмайды. Бірлескен қадамдар арқылы біз тауар айналымын 10 млрд долларға жеткіземіз», – деген болатын. 2 күндік маңызды сапар аясында өткен келіссөздер барысында сауда мен экономика, инвестициялар, транспорт, тоқымашылық, энергетика, ауылшаруашылығы, мәдени-гуманитарлық қатынастар жағындағы байланысты артыруға келісімдер жасалды. Жоғары дәрежелі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші жиналысының қорытындысы бойынша 10 түрлі біріккен мәлімдемелерге қол қойылды.

Осы жерде салыстырулар үшін келтірілген мысалдарға қарап отырып, Түркияның Орталық Азиядағы маңызды елдер саналатын Өзбекстан және Қазақстанмен тереңдетуге пейілді болып отырған қарым-қатынасының бағытын да айқын аңғаруға болатын сияқты. Ол ең әуелі экономикалық байланыстардың артуы мен Орталық Азияға бағытталған түрік инвестициясының көлемін ұлғайту екені белгілі. Түркия Қазақстанға инвестиция салушы елдердің арасында алдыңғы бестіктің ішіне кіреді. Яғни Ресей, Қытай, АҚШ елдерімен иық теңестіріп отырған жайы бар. Ал Өзбекстанға қомақты қаржы құя бастаған қытайлар, экономика саласында Ресейді ығыстыра бастады. Дегенмен бұл жерге түбі бір туысқан ел Түркияның еркін кіре алатын мүмкіндігі бар екен даусыз.

Қорыта айтқанда Орталық Азияға ықпал етіп отырған Ресей мен Қытайдың қатарында ендігі жерде Түркияның ықпалы арта түсетініне күмән жоқ. Бұған әлемдік геосаясаттағы өзгерістер мен экономикалық байланыстар әсер етумен қоса, Түркі әлемінің интеграциясы да сұраныс тудыра бастағандай.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 76
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 598
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 715
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 637

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8773
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8173
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11402
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9156
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10387