ОСК-басшысы ауысты

ОСК-басшысы ауысты

Соңғы кезде билік құрылымдарындағы маңызды лауазым иелері бірінен кейін бірі орындарын босатып жатыр. Бұны былайғы жұрт жақсы жаңалық ретінде қабылдап жатқаны жасырын емес. 2022 жылдың басты жаңалықтары ретінде креслоларын босатқан «алыптардың» ең басында Үкімет басшысы Асқар Мамин тұр. Ал одан да зорғысы, күллі әлемнің көзін алақандай қылған ҰҚК-ның басшысының «Отанға опасыздық жасады» деген айыппен тұтқындалуы еді.

Сондай жаңалықтардың бірі бүгін жария етілді. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, әлеуметтік желі арқылы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының қызметінен кеткендігін хабарлады. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды» делінген хабарламада. Кейбір сайттарда оның ұлы Әлжан Имашевтің жақында ғана «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның Бас директорының орынбасарлығы лауазымынан алынғандығын жазыпты. Арада біраз уақыт өткенде Берік Имашевтің өзі де орнын босатты.

Әлеуметтік желі беттерінде пікір білдірушілер арасында бұл қызметтік өзгерісті жағымды жаңалық ретінде қабылдап жатқандар көп. Жұрттың уәжіне құлақ түрсек, 2016 жылдан бері ОСК-ның төрағасы болған Берік Мәжитұлы елімізде әділ сайлау өткізуге ешқандай талпыныс жасамаған көрінеді. Сенімді ақпарат көздері ОСК-ның төрағалығына экс депутат Нұрлан Әбдіровтың тағайындалғандығын айтып жатыр. 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652