Бүгін 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, Жаңатас көпсалалы колледжінде жастарға отбасы құндылығын насихаттау, отбасының беріктігі мен бала тәрбиесіндегі ата – ананың алар орны туралы «Отбасы Отанымыздың ошағы» атты «дөңгелек үстел» жиыны өтті.
Жиынның мақсаты: әрбір отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың, яғни ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін арттыру, тәрбие процессіндегі қиындықтарды пікірлесе отырып шешу жолдарын қарастыру және өмір жолында пайдалану.
Жиынға «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің Сарысу ауданындағы әлеуметтік психологиялық кеңес беру кабинетінің маманы Г. Қоңырбекова, Сарысу аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б. Жақсыпейілова, Сарысу АПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғ. Егембердиев, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана ісін дамыту бөлімінің әдіскері А. Жанбекова және колледж білімгерлері мен олардың ата-аналары қатысты.
Жиын барысында тақырыптық семинар – тренингтер өткізіліп, психологиялық жаттығулар, соның ішінде отбасы туралы топтық жұмыс, жағдаяттарды шешу тапсырмалары ата-аналарға және қатысқан қонақтарға ұсынылды.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты.