«Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі енгізілді

«Отбасымен бейнеқоңырау»  қызметі енгізілді

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың тапсырмасымен әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар ата-аналарын көріп, тілдесуі үшін «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі ұйымдастырылды. Елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында өткен пилоттық телекөпір Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдерінде өткізу орынды екенін көрсетті. Айта кетерлігі, бұл жоба елімізде алғаш рет іске қосылды. Бірінші бейне байланысқа әскери бөлімнің басшылығы, мерзімді қызметтегі жауынгерлер және олардың атааналары қатысты. Бағдарламаға 30-дан астам абонент қосылды. «Отбасымен бейнеқоңырау» телекөпірі кезінде сарбаздар өздерінің жақындарын көріп, әскери қызметтен алған әсерлерін және меңгерген жетістіктерін айтып жатты. Бөлім басшылығы ұсынған ақпарат та ерекше қызығушылық тудырды. Бригада командирі полковник Нұрлан Кәрібаев десантшылар қызметінің ерекшеліктерін сөз етсе, бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Талғат Құлманов демалысты ұйымдастыру және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде айтты. Одан өзге бригада басшылығы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, оның ішінде дала жағдайында тамақтандыру мәселелерін, сондай-ақ жауынгерлердің денсаулығын қорғау төңірегінде өткізілетін міндетті іс-шараларды талқылады. Осылайша, 29 тамыздан бастап Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде «Отбасымен бейнеқоңырау» тұрақты түрде іске қосылатын болады.

Ермек Сахариев
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5104
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5267
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20226
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18871
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22328