Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының @erlan_qydyralyuly төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ауданның 2022 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткішінің орындалуы барысы жан-жақты талқыланды.
Көрсеткіштер туралы аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев баяндама жасады.
Ерлан Қыдыралыұлы өткен жыл табысты болғанын атап өтіп, барлық деңгейдегі басшыларға жұмыстарды ширатуды тапсырды.