Өз ісін ашуға миллион: Жас кәсіпкерлер Қарағанды облысы әкімінің грантын алды

Өз ісін ашуға миллион: Жас кәсіпкерлер Қарағанды облысы  әкімінің грантын алды

Қарағанды облысының жас кәсіпкерлері бұқаралық спортты дамытуда, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектеседі, медициналық және білім беру қызметтерін көрсетеді, азық-түлік пен құрылыс материалдарын өндіреді. Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек істі жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз ісін ашуға және дамытуға гранттар тапсырды.

ҚарТУ 2-курс студенті, қарқаралылық Саламат Абдоллаев мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектескісі келеді, сондықтан ол имитрон жасауды қолға алды.

– Имитрон – мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тренажер. Ол инсульт, ауыр операциялар және т. б. зардап шеккендерге көмектеседі. Біреуін жасап қойдық. Есептеулер бойынша айына төрт тренажер жасай аламыз. Менімен бірге дәнекерлеуші және құрастырушы жұмыс істейді. Грантқа металл, серіппе және дәнекерлеу аппаратын сатып алуды жоспарлап отырмыз, –  деді Саламат Абдоллаев.

Бұқар Жырау ауданының жас кәсіпкері Қасымхан Айтбеков өзінің туған Көкпекті ауылында 50-ден астам баланы жаттықтырады. Оның шәкірттері каратеден облыстық және республикалық жарыстарда жеңіске жетеді. Қасымханның жобасы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған, сондықтан ол грантқа Ботақарада зал ашқысы келеді. Ол әр ауылда таланттар бар екеніне сенімді, оларды ашу үшін сүйікті спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беру керек.

Қарағандылық Наурызбек Муслимовтың жоспарында емшара кабинетін ашу. Медицина университетінің интерні көптеген клиникаларға қарамастан, адамдар мейірбике қызметін алу үшін кезек күтуге тура келеді деп санайды.

– Қазір жастардың өз ісін ашуына үлкен қолдау бар, сондықтан мен осы мүмкіндікті пайдалануды шештім, – дейді Наурызбек Муслимов.

Биыл жастар бизнесін қолдауға 100 миллион теңге бөлінді. Комиссия 306 бизнес-идеяның ішінен 100 неғұрлым перспективалы идеяны іріктеп алды. Жеңімпаз жобалар қоғамдық тамақтану, білім беру және медициналық қызметтер, туризм саласынан жиһаз, құрылыс материалдары мен ірі қара мал өсіру саласына дейін алуан түрлі.

– Мен сіздермен үлкен мерекелер – Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында кездесуге қуаныштымын. Сіздер осындай жас кездеріңізде табысты және перпективалысыздар. Ал грант –  бұл бірінші қадам. Болашақта сіздерде «Қарапайым заттар экономикасы», «ЖҚЖК» және т. б. бағдарламаларды грант иегерлері ретінде пайдалану мүмкіндігі бар. Сіздер өз істеріңізді дамытуларыңыз керек, ал біз Сіздермен бірге боламыз, – деді облыс әкімі жаңадан бастаған кәсіпкерлерге.

Биыл өңірде барлық 100 жоба үшін тәжірибелі бизнесмендер мен облыстық мәслихат депутаттары арасынан 10 ментор анықталды, олар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кеңес береді. Жеңіс Қасымбек қала және аудан әкімдеріне грант иелеріне жобаларын қолдауға көмектесуді тапсырды

Жомарт Шаймұрат
05.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 555
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9205
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8602
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11829
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9599
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813