Өз қолыңмен өсірген өнімнің орны бөлек

Өз қолыңмен өсірген өнімнің орны бөлек

Жылыжай кәсібін өркендету өлке экономикасын өрге сүйрейтін аграрлық саланың әлеуетті мүмкіндігі зор басым бағыты деуге саяды. Үкімет тарапынан жылыжай кәсібін жандандыруды жоспарлаған жанға қаржылай қолдау зор. Маңғыстаулық Раушан Қалымбетова шағын шаруашылығын дамытып, тың технологияларды тәжірибе жүзінде сынап, табысқа кенеліп отыр. Былтыр ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай бой көтерген жылыжай мол  өнімімен өңір халқын қуантты. Түрік технологиясына сүйене отыра, жылыжайдан жыл он екі ай табиғи таза өнім алуды көздеген Раушан ханым биылдың өзінде 150 келі көкөніс пен жеміс-жидекті сатылымға шығарды.  Жалпы ауданы 1 гектар аумақты қамтыған жылыжайдың  келешекке жоспары ауқымды.

«Мұнда негізгі егілетін дақыл – қызанақ. Шығымы жаман емес, десекте көк желектерді күтіп-баптаудың өзіне тән қиындықтары бар. Күнделікті жұмысымыздың дені шығып келе жатқан өскіндерді арам шөптерден тазартып, жан-жақтарын таза ұстау және оларға пайдалы тыңайтқыш беру, сондай-ақ мезгілінде суарумен байланысты. Одан кейін қызанақтарды жинап, жәшіктерге саламыз. Алдағы уақытта жылыжай өнімімен аудан халқын қамтып, тұтынушылар алғысын алуға асығудамыз», – деді жылыжай жұмысының жетекшісі Раушан Қалымбетова.

Кешен осылайша жылдың кез келген мезгілінде аудан халқын сапалы өніммен қамтамасыз етпек. Жергілікті өнімді алғаш тұтынған аудан тұрғындарының саны әлі де артарына күмәніміз жоқ. Себебі тұтынушы сырттан тасымалданатын өнімнен гөрі, өзімізде өндірілетін таза жергілікті өнімнің қай жағынан алғанда да ұтымды боларын жақсы біледі.

 

Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20499
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19130
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22591