Өз жұмысын уақытынан бұрын аяқтаған интервьюер

Өз жұмысын уақытынан бұрын аяқтаған интервьюер

Қазан айының басында жалпыұлттық халық санағын жүргізу басталғаны белгілі. Орал қаласында осы мақсатта 154 азамат интервьюер қызметін атқарған болса, солардың бірі – Кәмшат Жұмағалиева.  

Интервьюерлердің міндеті – мекенжайлар бойынша сауалнама жүргізіп, тіркеу. Біздің кейіпкеріміз Кәмшат Жұмағалиева қала аумағындағы Желаев ауылдық округіндегі өзіне бекітілген аумақ бойынша 185 үйді аралап, респондентерді сауалнамадан өткізіп, толықтай тіркеуді аяқтағанын атап өткіміз келеді. Ол бұған дейін 2009 жылы өткізілген санақ кезінде де интервьюер ретінде жұмыс жасаған екен. Әрине, ол жылы санақ сауалнамалары бойынша деректер қағаз жүзінде толтырылса, биыл алғаш рет цифрлық технология қолданылуда. 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Батыс Қазақстан облыстық статистика департаментінен әңгімелесуден өтіп, сауалнама жүргізу бойынша семинарға қатысып, жұмысқа алынғанын айтып өткен интервьюер К.Жұмағалиева: 

– Қазан айының 1-19-ы аралығында үй-үйлерді аралап, тіркеу жасадым. Санақта 91 сұрақ бар. Егде жастағы үлкендер кейбір сұрақтарды толық зерделей алмай, мүдіріп қалатын кездері болады. Сонымен қатар бір отбасында бес адам болса, әрқайсысын тіркеп шығу ұзақ уақыт алады. Бір үйде шамамен бір жарым сағаттай кідіріп қалатын кездер болды. Оған қоса сауалнамада қазіргі әлемді жайлаған қауіпті індетке байланысты да сұрақтар қойылады. Ондайда көпшілігі ол дертпен ауырғанын айтқылары келмейді, – деп, жұмыс барысымен бөлісті. 

Интервьюер жалпы 185  үйді аралап, 850 адамды тіркеуден өткізген екен. Осылайша, маңызды науқанның міндеттемесін 19 күнде жауапкершілікпен атқарып шыққан. Негізінен кейіпкеріміз «Орал КҚЕО» ЖШС-да бақылаушы болып жұмыс жасайды. Айтуынша, осы қызметі де санақ жүргізуде өз пайдасын тигізіпті. 2018 жылдан бері газ бойынша есептеуіш көрсеткішін алу, түбіртек, ескертулер тарату мақсатымен мекенжайларды аралап жүретіндіктен, тұрғындармен жақсы таныс. Сол себепті әр үйге кіруде, тұрғындармен тілдесуде қиындықтар болмаған. 

–  Тұрғындар маған сеніммен қарады. Таңертең негізгі жұмысыма шыққанда, санақ мекенжайларын қоса араладым. Дегенмен, жұмыс уақытында кейбір тұрғындарды үйлерінен ұстау мүмкін болмады. Мұндайда оларға телефон нөмірімді  жазып, ескерту парағын калдырып кеттім. Жұмыстан келген соң өздері хабарласып, whatsapp желісі арқылы сауалдарға жауап берді. Осындай кері байланыстың болуы өзіме жүктелген жұмысты уақытынан бұрын аяқтауыма ықпал етті. Сондай-ақ сауалнаманы онлайн форматта толтырған адамдарды хабарлама нөмірімен ғана тексеріп өттім, – дейді оралдық интервьюер.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 106
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 119
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 346
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 347
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 578
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 521

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9225
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8622
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11847
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9617
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10830