Өзбекстан табиғи газ экспортын тоқтатты. Мұндай шешімді Энергетика министрлігі қабылдаған. Көрші ел Орталық Азия мемлекеттеріне, соның ішінде Қазақстанға да табиғи газ жеткізетін. Өзбекстанда көліктердің басым бөлігі көгілдір отынмен жүреді. Ел Орталық Азияда газ қоры бойынша Түрікменстан мен Қазақстаннан кейін.үшінші орында тұр. Көрші республикалар бірін-бірі қажетті энергия ресурстарымен қамтамасыз етеді. Бірақ биылдан бастап жағдай өзгеретін сынды. Өзбекстанның Энергетика министрлігі басқармасының басшысы Жамал Хұсанжанова: «Өзбекстан үкіметі газ экспортын шектеу жөнінде шешім қабылдады. Оның орнына ол ішкі нарықта кәсіпорындар қуатын арттыру үшін қолданылады.