Өзбекстандағы Түркі әлемінің музыкалық мұрасы: Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті III Халықаралық Мақом өнері форумының ашылу рәсіміне қатысты

Өзбекстандағы Түркі әлемінің музыкалық мұрасы: Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті III Халықаралық Мақом өнері форумының ашылу рәсіміне қатысты

2026 жылғы 23 маусымда Өзбекстан Республикасының Наманган қаласында III Халықаралық Мақом өнері форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Форумды Өзбекстан Республикасының Президенті, жоғары мәртебелі Шавкат Миромонович Мирзиёев салтанатты түрде ашты. Мемлекет басшысы өз сөзінде мақом өнерінің рухани құндылықтарды сақтаудағы, мәдениеттер арасындағы диалогты нығайтудағы және бай тарихи-мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізудегі ерекше маңызын атап өтті.

Форум аясында Өзбекстан Республикасының Президенті мақом өнерін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар бастамаларды да жариялады. Атап айтқанда, Жаңа Ташкент қаласында салынып жатқан Мақом орталығына Дүниежүзілік мақом орталығы мәртебесін беру, оның жанынан Халықаралық Мақом академиясын құру, сондай-ақ бірыңғай Дүниежүзілік Мақом Антологиясын әзірлеу ұсынылды. Бұл бастамалар шығыс халықтарының бірегей музыкалық мұрасын сақтау, жүйелеу және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға қызмет етпек.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова форумға құрметті қонақ ретінде қатысып, түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын мақом өнерінің халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтудағы ерекше рөлін жоғары бағалады.

Іс-шараға сондай-ақ ЮНЕСКО, ИСЕСКО, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, ТҮРКПА секілді халықаралық ұйымдардың басшылары, түрлі мемлекеттердің мәдениет министрлері мен елшілері, сондай-ақ әлемнің 80-нен астам елінен келген 250-ге жуық мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Айта кету керек, III Халықаралық Мақом өнері форумы музыкалық мұраны сақтау, зерттеу және дәріптеу бағытындағы маңызды халықаралық алаң ретінде әлемнің түрлі елдерінен келген көрнекті өнер қайраткерлерінің басын қосып, мәдени ынтымақтастықты нығайтуға және мақом өнерін халықаралық деңгейде кеңінен танытуға өз үлесін қосуда.

24.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26059
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25511
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42907
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38720
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43302