Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін қала аумағынан беріліп, 2022 жылы мерзімі шыққан жер учаскелерінің қайтарылуы туралы» мәселе қаралды. Аталған мәселеге байланысты Жаңатас қаласының әкімі Д. Борсықов және аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Ұзақбеков хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Түнгі мезгілде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі қара малдарға жарық шағылыстырғыш лента тағу жұмыстарының жүргізілуі» туралы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н. Молдабеков баяндады.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі қосымша қаралған үшінші мәселе ««Асарлатып үй салу» жобасы бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы» баяндамашы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Әукенов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.