Пәкістан келіссөз алаңын әзірлеп жатыр

Пәкістан келіссөз  алаңын әзірлеп жатыр

Пәкістанның сыртқы істер министрі Мұхаммед Исхак Дар өз елінің алдағы күндері АҚШ пен Иран арасында бейбіт келіссөздер жүргізуге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы әлем жұртшылығына Reuters агенттігі хабарлады. Алайда екі елдің ымыраға келу-келмеуі белгісіз.

 

Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф бұған дейін Исламабадтағы келіссөздерге қатысу аясында 28 наурызда Иран президенті Хасан Руханимен телефон арқылы «бір сағаттан астам» сөйлескенін айтқан.

Бұған дейін Сауд Арабиясы, Түркия және Египет дипломаттары Таяу Шығыстағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу жоспарын талқылау үшін Исламабадта кездескен. 29 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран Вашингтонның 15 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарына келіскендей болғанын айтты.

The Washington Post басылымы белгісіз дереккөздерге сілтеме жасай отырып, АҚШ Иранда жер үсті операцияларын дайындап жатқан болуы мүмкін екенін хабарлады. Бейбітшілік келісімі туралы ашық ұсынысқа қарамастан, Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф АҚШ-қа қаратылған айыптауларын жалғастырып жатыр. АҚШ тарапы Таяу Шығысқа теңіз жаяу әскерлерін әкелуі мүмкін деген хабар шыққаннан кейін, Тегеран тарапы «біз соғысқа 1 млн әскер дайындап жатыр», – деп мәлімдегені белгілі.

29 наурызда Al Arabiya арнасы Иран БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып, тосын жайды мәлімдеді. Онда Иран қауіпсіздік күштерінің Тегерандағы бақылау-өткізу пункттерінде қызмет ету және соғыс кезінде басқа да міндеттерді орындау үшін 12 жастағы балаларды тартып жатқаны айтылған. Иран билігі Тегеранда «Иран үшін» деп аталатын жалдау науқанын бастап, қауіпсіздік күштеріне қосылу үшін ең төменгі жасты 12-ге дейін төмендеткен. Тегерандағы Иран революциялық гвардиясының ресми өкілі Рахим Надали мемлекеттік теледидарға 12 жастан асқан кез келген адам Америка Құрама Штаттарын меңзеген «әлемдік бұзақыларға» қарсы күресу үшін Революциялық гвардия мен «Басидж жастар еріктілер жасағына» тіркеле алатынын айтыпты. Оның айтуынша, міндеттерге «қауіпсіздік деректерін жинау және патрульдеу», сондай-ақ түнде қалалық колонна патрульдерін ұйымдастыру кіреді екен.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
02.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24155
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23826
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37210
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41503