Бұл сауалға ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында: «Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсінік берді. Оған «Instagram» желісінде тараған видео себеп болды. Бейнежазбада паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады. Электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген. Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген. Төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексеріледі», – деген түсінік берді.