Павлодар облысы Әскерге шақырылғандар іздеуде жүр

Павлодар облысы Әскерге шақырылғандар іздеуде жүр

Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Алмасбек Бұхарбаев: «2022 жылы мерзімді әскери қызметке 18-27 жас аралығындағы 4798 азамат шақырылған. Алайда, соның ішінде денсаулық жағдайына байланысты 507 азамат, отбасы жағдайына байланысты 202 азамат, білім алуына байланысты 1455 азамат әскери қызметке бармады. 2022 жылы 200-ден астам адамға мерзімді әскери қызметтен жалтарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған. Бүгінде әскерге барып, азаматтық борышын өтеп келген азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған. Қорғаныс министрі республика бойынша 50-ден астам білім беру мекемесімен меморандумға қол қойды. Әскери борышын өтеп келген әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай грантқа оқуға түсіп, жоғарғы білім ала алады. Сонымен қатар несие төлеу мерзімі 13 айға тоқтатылады және коммуналдық төлемнің 50 пайызы төленеді. Сонымен қатар Қазақстанда әскерге бара алмағандарға ақылы түрде әскери борышын өтеуге мүмкіндік беріледі. Павлодар облысында мұндай әскери жиынның құны 304 мың теңгені құрайды. 2022 жылы Қорғаныс министрлігі Павлодардағы филиалының әскери-техникалық мектебіне, яғни 40 күндік әскерге 24 жасқа толған 170 азамат жіберілді. Айта кетсем, биылғы күзгі әскери қызметке шақыру науқаны кезінде жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 250 азамат табылып, бүгінде 1163 азамат әлі де іздеуде жүр», – деді. 2023 жылы өңірде көктемде 865 азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланған.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 41
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 254
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 250
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 873

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550