Павлодарда алғаш рет республикалық оқушылар айтысы ұйымдастырылды

Павлодарда алғаш рет республикалық оқушылар  айтысы ұйымдастырылды

Жас жеткіншектердің сөз сайысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 60 жылдығына арналды.  Жыр додасын «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ  гимназия-интернаты бірлесе ұйымдастырды. Оған облыс әкімдігі, облыстық білім беру басқармасы, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қолдау көрсетті. Айтысқа Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарынан және Алматы, Нұр-Сұлтан,  Петропавл, Екібастұз, Ерейментау, Павлодар қалаларынан жас ақындар қатысты. Олар бұған дейін де талай додаларда дара шауып, көзге түскен жас таланттар. Бұғанасы қатпаған кішкентай балалар болғанымен сахнада кесек сөйлеп, қызықты айтыс жасады. Жыр додасының ашылу салтанатында облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы сөз сөйлеп, қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

– Қазақ халқы «Өнер алды – қызыл тіл» деп бекер айтпаған. Яғни сөз өнерін, ақындық өнерді ерекше бағалап, кие тұтқан. Бүгінгі айтысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас ақындар келген екен. Осыған қарап, қазақтың тілі барда айтыс ешқашан өлмейтініне тағы бір мәрте көз жеткізіп отырмыз. Алыстан келген ақындар мен осы айтысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз, –  деді Дінислам Болатханұлы.

Бұл айтысқа көптеген республикалық ақындар айтысының талай мәрте жүлдегері, Жамбыл облысының ақыны Есет Досалы да өзінің шәкіртін сайлап алып келіпті.

– Бұл жолғы айтысты бұрынғыдан ерекше деп атауға болады. Себебі көптен бері сахнаға шықпаған оқушылар додаға қайта кірді. Әр облыстан шақырылған оқушылар да өз өңірлерінің үздіктері екен, жақсы дайындықпен келіпті. Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринді қалай құрметтесек те артық емес. Сондықтан ағартушының еңбегін, шығармашылығын насихаттауға бағытталған осындай айтыстар әр облыста жыл сайын өтіп тұрса деген тілегіміз бар, – дейді Есет Досалы. 

Айтысқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Арман Қани бастаған қазылар алқасы төрелік етіп, жүзден жүзден жүйрік шыққандарын жеңімпаз деп таныды. Қорытынды бойынша бас жүлдені Ақмола облысынан келген Елеш Нұрғиса жеңіп алды. І орын Шығыс Қазақстан облысының намысын арқалап келген Рахат Тамашаға бұйырса, ІІ орынға Жамбыл облысынан келген жас ақын Алина Айдаралы лайықты болды. Жүлделі ІІІ орынды павлоларлық жас талантты ақын Шыңғыс Асығатұлы қанжығалады. 

 «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени ойын-сауық орталығының басшысы               Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, келесі жылдан бастап ай сайын әрбір ауданда жастар айтысы ұйымдастырылады. Бұл дегеніміз, сөз өнеріне, соның ішінде айтысқа құштар жастардың жолын ашып, үлкен сахналарда өнер көрсетуіне мүмкіндік жасалады деген сөз. 

– Ақмола облысы Бұланды ауданы Қараөзек ауылы мектебінде 6 сыныпта оқимын. Айтыстағы жетекшім – әкем Елеш Қабылған. Айтысқа 9 жастан бастап қатысып келемін. Бүгінгі додадан тамаша әсер алдым. Тіпті сахнадан шыққысы келмейтін тамаша сөз сайысы болды. Келген ақындардың барлығының қарқыны мықты. Осындай оқушылар айтысы әр өңірде болып тұрса, барлығына қатыса беруге дайынмын, – деді республикалық оқушылар айтысының жеңімпазы Нұрғиса Елеш. 

Тілеуберді САХАБА
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 568
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823