Петр Ян – UFC-дің уақытша чемпионы

Петр Ян – UFC-дің уақытша чемпионы

 RT сайты: «Аралас жекпе-жектен жеңіл салмақтағы ресейлік файтер Петр Ян мен америкалық Кори Сэндхагеннің кездесуі Абу-Дабидегі UFC 267 турниріндегі кештің үздік жекпе-жегі деп танылды», – деп хабарлайды.  Жекпе-жек жеңімпазы болып төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік файтер танылды.  Қапталдағы төрешілердің бәрі жеңісті 49:46 есебімен Петрге берді. 28 жастағы ресейлік үшін бұл 16 жеңіс, сондай-ақ ол екі рет жеңілген. Осылайша Ян UFC 267 турнирінде жеңіл салмақтағы UFC уақытша чемпион белбеуін алды.  Бастапқыда бұл турнирде Ян Стерлингке қарсы шығуы керек еді, бірақ Ямайкада дүниеге келген америкалық спортшы денсаулығына байланысты жекпе-жектен шығып қалды. Сандхагенге келер болсақ, ол карьерасында төртінші және қатарынан екінші рет жеңілді. 

 

Ермек Сахариев
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5783
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5928
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20902
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19528
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22996