Елімізде жыл сайын 23 маусым Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі. 1992 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл – Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт. 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілді.
Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады.
Ауданымызда қоғамдық тәртіпті нығайту, тұрақтылықтық пен тыныштықты сақтауда аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Күн-түн демей, жергілікті халықтың тыныштығын күзетіп, антына адалдық танытып жүрген тәртіп сақшылары құрметке лайық. Осы орайда, Полиция күні аудандық полиция бөлімінде жеке құрамның және полиция ардагерлерінің қатысуымен өткен мерекелік жиында тәртіп сақшыларына және құқық қорғау жүйесіне елеулі үлес қосқан арда азаматтарға лайықты құрмет көрсетілді.
Айтулы шараға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Берік Рахымбердиев, бөлім жанындағы аудандық полиция ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұлов, Ішкі істер органдарына еңбегі сіңген қызметкер Сәпілмәлік Тәжиев жеке құрамға ізгі тілектерін арнап, жылы лебіздерін жеткізді. Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарының қауіпсіз ортада өмір сүруіне, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әрі нығайтуға күш салатынына, алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алуда жемісті еңбек ететініне сенім білдірді.
Басқосуда Махпал Сатыбалдықызы аудандық полиция бөлімінің үздік қызметкерлері Мият Құмарбеков пен Талғат Сексенбаевты Алғыс хатпен, Самат Ақан, Рахат Керімқұлов, Бауыржан Үкібасовты Құрмет грамотасымен марпаттады.
Сонымен қатар полиция ардагерлері Сәкен Әшімалиев, Мүсрепбек Юсупов, Болат Исақов, Дәурен Оразқұлов, полиция подполковнигі Берік Рахымбердиев, полиция майоры Азамат Қалмахан, полиция майоры Рахат Керімқұлов, полиция капитаны Көпжасар Қожабеков, Қуаныш Елеуов, Есет Үрпеков, Дәурен Оразқұлов, Сәкен Мырзабай, Ертарғын Егембердиев, сондай-ақ құқық қорғау жүйесіне елеулі үлес қосқан азаматтар Хайрулла Әзімов, Сайдулла Тәжиев, Абдухалил Юнусовқа «Құқық қорғау жүйесіне қосқан үлесі үшін» медальі, Күләш Мәсімқұлова, Шолпан Тәжиева, Пістегүл Юсупова, Гүлмира Машеноваға «Ана шапағаты» медальі, полиция қызметкерлері Әлібек Асанов, Нұркен Смайловқа халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы медальі табыс етілді.
Жиында аудандық полиция бөлімінің өзге де белді қызметкерлері мен полиция ардагерлеріне салалық марапаттар табысталды.