Премьер-министр кеңсесі үкімет аппараты болып қайта құрылды

Премьер-министр кеңсесі үкімет аппараты болып қайта құрылды

    3-і қаңтарда, еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов премьер-министр кеңсесін үкімет аппараты ретінде қайта құру, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін қайта ұйымдастыру, сондай-ақ салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Отырыста Әлихан Смайылов: «Премьер-министр кеңсесін үкімет аппараты ретінде қайта құру мемлекет басшысы бастамашылық еткен институционалдық реформалардың маңызды элементі болып табылады. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын, құрылымдық өзгерістерді жалпы үйлестіру күшейтіледі.  Ол үшін аппараттың құрылымы мен оның қызметі оңтайландырылады. Үкімет пен премьер-министрдің сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін қамтамасыз ету күшейтіледі. Аппарат Президент әкімшілігімен бірлесіп шешім қабылдау рәсімдерін бюрократиядан арылту және шамадан тыс регламенттеуді жою жөніндегі жұмысты жалғастырады»,— деді. Үкімет аппараты басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Қойшыбаев: «Ведомствоның жұмысы бюрократиядан арылту, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» және орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қағидаттарына негізделеді»,— деді. Кеңесте премьер-министр: «Өкілеттіктерді мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы орталықсыздандыру туралы заң жобасы Президент әкімшілігіне келісуге енгізілді. Оған сәйкес, үкіметтің 500-ден астам функциясын министрліктер мен әкімдіктерге беру көзделген.   Аталған заң жобасымен біз министрлер мен олардың орынбасарларының дербестігін күшейтеміз. Енді барлық ағымдағы салалық мәселелер министрлердің бұйрықтарымен қабылданатын болады», — деп мәлімдеді.

   Күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталған премьер-министр: «Президенттің жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылды. Жер қойнауын геологиялық зерделеу және минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басты міндеттерінің бірі — жер қойнауын игеруге инвестиция тарту болып табылады. Геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін өнеркәсіптік пайдалануға беруді аяқтау қажет»,— деді.  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев: «Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг және пайдалы қазбаларды өндіруге мемлекеттік бақылау күшейтіледі, қажетті салалық шешімдер қабылдау және бизнес-процестерді цифрландыру процесі жеделдетіледі»,— деп атап өтті. Премьер-министрдің сөзінше, осы айда министрліктердің жоспарланған алқа мәжілістерінде барлық салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарлары қаралады.  Кеңесті қорытындылай келе, Әлихан Смайылов үкімет алдында экономиканың нақты мәнде 4 пайызға өсуін қамтамасыз ету, инфляцияны 2 есеге 9,5 пайызға дейін төмендету және 2023 жылы $24,4 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту секілді маңызды міндеттер тұрғанын атап өтіп: «Біздің басты мақсатымыз – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру. Сіздерден тиімді жұмыс және  шешім қабылдауда үлкен жауапкершілік талап етіледі»,— деп түйіндеді сөзін.

Ермек Сахариев
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 99
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404