Президент Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Президент Армения Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында олар сауда-экономикалық байланыстарды, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, Қазақстан мен Армения арасындағы қатынастардың даму перспективаларын қарастырды. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады. Армения Премьер-министріне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен Мемлекет басшысы: «Биыл біздің дипломатиялық қатынастарымыздың орнағанына 30 жыл. Бұл – өте маңызды дата. Екі ел арасында жоғары деңгейлердегі ашық саяси диалог жолға қойылған. Парламенттік, мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз дамып келеді»,— деді. Тоқаев Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалығын жоғары бағалап, қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингентін Қазақстанға жіберу туралы шешімді қолдағаны үшін Никол Пашинянға ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Армения Үкіметінің басшысы қонақжайлық көрсеткені және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып: «Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарымыздың табысты дамып келе жатқанына қуаныштымын. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ форматында экономикалық ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылап жатырмыз», – деді. Сондай-ақ Премьер-министр Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның дағдарысқа қарсы әрекет ету тетіктерін оң бағалап, Арменияның ұйымға төрағалығы аясында осы мәселеге басымдық берілетінін атап өтті.

Ермек Сахариев
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5425
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5579
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20548
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19178
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22638